Қос саз - қазақтың музыкалық аспабы

Қос саз - қазақтың музыкалық аспабы

Қос саз – бес ішекті шертпелі музыкалық аспап. Үш ішекті шертер мен екі ішекті домбыраның бірігуінен пайда болған аспап. Халық арасында аспаптың қос саз аспабы «қос шанақты домбыра», «қос мойын аспап», «қос домбыра» деген атаулары бар.

Қос саз аспабының шанағы жеміс және бук сияқты қатты ағаштардан ойылады. Ал бет жағы қарағай ағашынан жасалады. Домбыра беті жұқа тақтайшамен жабылса, шертердің беткі жағы жұқа терімен қапталады. Аспапқа ою-өрнектер салынып, ішектер тартылады. Қос саз аспабын дайындауға шамамен 2-3 апта уақыт кетеді.

Қос саз аспабын зерттеп, оның қалпына келтірілген нұсқасын этнограф О.Хаймолдиннің жасаған еді. Дыбыстық жүйесін Балтабай Қабылданов әуенге лайықтаған. 1970 жылдардың ортасында белгілі суретші, ҚР Мәдениет қайраткері Алтынбек Құмаров аспаптың алғашқы нұсқасын жасап шығарды. Белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев «қос домбырада» ойнау мәнерінің негізін салған еді.

Қос саз аспабы көзден таса қалса да, бұл күндері аспапты сахна төрінен көруімізге болады.

Форумда талқылау

Сурет http://qonyr-un.kz ғаламтор бетінен алынған

Ғ. Ұзақ