Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Виктор Цой музыкант болмағанда...

Виктор Цой музыкант болмағанда...

Виктор Цой музыкант болмағанда...

Көптеген атақты жұлдыздар өздерінің дарынды екенін бала кезде түсініп, музыкаға жаны құмартып өседі. Дегенмен, бүгінде миллиондаған жанның сүйікті әншісіне айналғандар қатарында музыка әлеміне өз қалауынан бұрын, тағдырдың соқпағымен келгендер де бар. Соның бірі — Виктор Цой. 

Көркемсурет бойынша негізгі білім алғандар әншілер арасында жиі кездеседі. Мысалы, Джон Леннон, Рэй Дэвис, Пит Тауншенд, Фредди Меркьюриді атап көрсете аламыз. Осы қатарға Виктор Цой да кіреді. Бала кезінде бірнеше өнер студиясынан сабақ алып, Серов атындағы көркемөнер мектебіне түседі. Дегенмен, сызу жұмыстары өзіне арналмағанын ұққан ол мектепті аяқтамастан тастап кетеді. Кейін СПТУ-61 оқу орнына түсіп, ағашқа түрлі бедер салушы мамандығын оқиды. Оқуды аяқтаған соң Цой Пушкиндегі Екатериндік сарайды қалпына келтіру шеберханасында жұмыс істейді. Телеэкранға алғаш рет "Монитор" бағдарламасында дарынды ағаш оюшысы деген атақмен шығады. 

Сол сәтте ол "Палата №6" тобындағы Максим Пашковпен жақын араласатын. Цой жанына жақыны музыка екенін ұққан сәттен бастап, музыканттар қоғамын іздей бастайды. Андрей Панов бастаған "Автоматические удовлетворители" панк-орындаушылары оның достарына айналады.  

"Оның көп оқитыны түсінікті еді, енді өзі жаза бастайтын сәт туды. Бірақ, ол жасқанатын, - деп еске алады Панов. - Бір күні топпен жиналып, біздің үйде ән жазып жатқанбыз. Бәріміз оған ән жаз, музыка жаз деп жабыла кеттік. Осылайша ол жұмыстануды бастады. Ол дәлізге шығып, бірнәрселер жазып келді. Есімде, ішінде металлоконструкция жайлы тіркес болды. Біз бір қарап шықтық - жаман емес. Бірінші рет жазып тұр. Кейін тоқтамастан жазды. Әрине, егер адам бала кезден оқып өссе, төгіле жазатыны белгілі еді". 

Дегенмен, ол өзінің бұрынғы мамандығын мүлде ұмыта салмады. Ағашты оюлап, нэцкэ қолөнерін жасап, музыкада бірге жүрген бауырларына сыйға беретін.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: soyuz.ru
Қосылған күні: 24 тамыз, 13:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.