Тамыз айында қандай әндер тыңдаймыз?

Тамыз айында қандай әндер тыңдаймыз?
Фото: Коллаж/Massaget.kz

Поп-жұлдыздар, инди-орындаушылар, ауыр рок пен рэп. Талғамға ешқашан шек болған емес. Кез келген жанрды сүйіп тыңдайтындар табылады. Сондықтан, асыға күткен тыңдармандарға қуаныш сыйлап,  асыға күткен тамыз айында жарыққа шығатын әнжинақтар (альбомдарды) топтамасын ұсынамыз.

Skillet – "Victorious"
2 тамыз

Skillet тобының вокалисі Джон Купердің айтуынша, "Victorious" – өзі және топтың гитарисі Кори Купер продюсерлік еткен алғашқы альбом. Сонымен қатар, ол әннің атын "Жеңімпаз" деп аталу себебін де  түсіндіре кетті: "Әр адам күн сайын өзінің ішкі "жынымен" күреседі және оның ығына жығыла қоймайды, сол арқылы жеңіске жетеді". 

Mabel – "High Expectations"
2 тамыз

23 жастағы британ әншісі Мейбл – Нене Черри мен Massive Attack продюсері Кэмерон Маквидің қызы. Қан арқылы берілген талант десек қателеспейміз. Оның бірнеше хит әндері бар. Мысалы, "Don’t Call Me Up" немесе "Mad Love" әндерін еске алуға болады. Оның үстіне, BRIT Awards жүлдесін иемденген әнші Гарри Стайлз бен Халидтің концерттерінде қонақ ретінде бірнеше рет ән шырқаған болатын.

Berlin – "Transcendance"
2 тамыз

Мәңгілік хит болып қалатын "Take My Breath Away" әнінің орындаушылары араға 35 жыл салып қайта оралды. Жазба жұмыстарына вокалист Терри Нанн, бас гитарист Джон Кроуфорд пен Дэвид Даймонд қатысты. Орындаушлылардың сөзіне сенсек, жаңа әнжинақтары олардың мағынаға толы әндер жазуға әлі де мүмкіндіктері мол екенін дәлелдемек.

Slipknot – "We Are Not Your Kind"
9 тамыз

Slipknot  тобының орындаушысы Кори Тейлорға сенсек, бұл әнжинақ олардың тәжірибе мен музыка саласында шыңдалуына әсер етпек. Музыканттар өздерінің шығармашылық шекараларын кеңейтсе де, өздеріне ғана тән ерекшелікті жоғалтып алмауға тырысқан. Ал былтыр жарыққа шыққан "All Out Life" әндерін альбомға еңгізбеген. Ондағы себеп – ән ауыр әрі шерлі. Рок тыңдармандары үшін Slipknot  жылдың басты жаңалығы болатындай.

Rick Ross – "Port Of Miami 2"
9 тамыз

Рэпер Рик Росстың оныншы альбомы оның "Port Of Miami" деп аталатын дебюттік әнжинағының жалғасы болмақ. Жинақты жарыққа шығару үшін Drake, Future, Lil Wayne, Pusha-T сынды атақты рэп орындаушылары атсалысқан. Бүгінде тыңдалып жүрген "Big Tyme" мен "Gold Roses" әндерін қарап, Росс шынымен бұл жазба үшін ерекше дайындалғанын байқауға болады.  

Tori Kelly – "Inspired By True Events"
9 тамыз

Тори Келли — "Грэмми" жүлдесінің иегері. "Ән сал, жануар" (Зверопой) атты мультфильмдегі басты кейіпкер піл Минаны дыбыстаған әнші жаңа әнжинағы "терең мағыналы" әрі "тым сезімтал" болады деп уәде берген–ді. Ән жинақтың атауы — "Шынайы оқиғалар шабыттандырған". Шынымен, әнші бұл альбомындағы әндердің көбін жақында қаза тапқан атасына арнаған. Әнжинақ жұмысына Сэм Смитпен жұмыс жасаған продюсер Джимми Нейпс атсалысқан. 

Taylor Swift – "Lover"
23 тамыз

Жабырқау, мұңға толы "Reputation" альбомынан кейін әнші енді өмірдің жарқын жағына қайта оралады. Әнжинақтың алғашқы әндері "ME!" мен "You Need To Calm Down" ең жиі тыңдалған әндердің қатарына кіріп үлгенді. Жақында ғана жарыққа шыққан "The Archer" әні альбом тек поп әндерден емес, синти-поптың да кездесетіндігінен хабар бергендей. 

Sheryl Crow – "Threads"
30 тамыз

Шерил Кроудың жаңа туындысының жұмыстарына оның әріптестері, достары, кумирлері атсалысқан. Атап өтсек, Стинг, Кит Ричардс, Эрик Клэптон, St.Vincent пен Стиви Никс. Кроудың өзі бұл әнжинақты өзінің "сүйікті орындаушыларын құттықтау" әрі "оларға арнау" екендігін атап өткен болатын.

Bon Iver – "I, I"
30 тамыз

Bon Iver тобының көшбасшысы Джастин Вернон "I, I" әнжинағын "есеюдің" дәлелі деп атады. Олар альбомды маусымға бөлген болатын. "For Emma, Forever Ago" әнжинағы "қыс мезгілі" болса, "Bon Iver" – "көктем", "22, A Million" – "мұңды жаз" еді. Ал, "I, I" альбомын "ерте келген күз мезгілі" деп атады. Осылайша, жаңа альбом маусымның аяқталғанын көрсетпек.   

The Futureheads – "Powers"
30 тамыз

"Powers" – британиялық инди-рокерлердің соңғы жеті жыл ішіндегі алғашқы альбомы. Әнжинақты шығара отырып, әншіліер өздерін дағдарыс кезеңінен аман сақтап қалған тыңдаушыларына алғысын білдірді. 

Common – "Let Love"
30 тамыз

"Сельма" фильмінің саундтрегі арқылы "Оскар" жүлдесін иемденген Коммон жаңа жұмысын "Марвина Гэй, DJ Premier мен Radiohead сынды орындаушылардың қосындысы" деп атады. Наурыз айында рэпер "Let Love Have The Last World" атты туындысын жарыққа шығарған болатын. 

Whitney – "Forever Turned Around"
30 тамыз

Чикаголық инди-топ Whitney-дің жаңа альбомы "уақыттың шектеулі екенін қабылау, өлім мәселесі, махаббат пен достық" тақырыбын көтереді. Альбом жұмысының продюсерлері – Джонатан Радо мен Брэд Кук.

Lana Del Rey – "Norman F**king Rockwell"
30 тамыз

Лана Дель Рейдің шығармашылығын дамыту үшін атсалысқан жандардың бірі Джек Антонофф болса, оның әрқашан жанынан табылатын Рик Ноуэлс Дель Рейдің жаңа әндерінің екінші авторы атанды. Ән жинаққа "Mariners Apartment Complex", "Venice B**ch", "Hope Is A Dangerous Thing For A Woman Like Me To Have – But I Have It" атты әндері мен Sublime есімді әншінің "Doin’ Time" әнінің кавер нұсқасы енеді.

Т. Есқали