Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты
Фото: Ruspekh.ru

Димаш Құдайберген сериалға саундтрек болған Couldn't Leave атты жаңа әні туралы мәліметпен бөлісті.  Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне арналған бейнебаян әншінің Instagram әлеуметтік парақшасында жарияланды. Бейнебаян туралы ол:"Қытай сериалына менің саундтрегім түсірілді. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін", - дейді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)3 Авг 2019 в 6:18 PDT

Жанкүйерлер жаңа бейнебаянды ыстық ықыласпен қарсы алды.

"Маған ән қатты ұнады. Қандай мөлдір дауыс! Сенің әндеріңді тек құлаққаппен ғана тыңдау керек. Сонда ғана ғарышпен байланысқа түсе аласың", - жазады @businka_ham.

"Мен Димаш ән айтып жатқанда оған қарағанды жақсы көремін.  Оның көзі, құлағы, қарағаны,  әнді сезініп жатқаны... Сондай керемет! сондай нәзік, жұмсақ. Әдемі әнді бір деммен тыдадым", - деп мойындайды @liubovgushchenko. 

"Маған өте қатты ұнады. Айтпақшы, егер сізді осы фильмнен рөл ұсынып жатса бас тартпаңыз. Өзіңізге берілген кейіпкерді жап-жақсы сомдап шығасыз", - дейді @khafizova.rozita.

Бұған дейін Димаш Құдайберген ресейлік жұлдыздар Филипп Киркоров, Николай Басков, Игорь Крутий, Андрей Малахов және басқаларымен бірге түскен фотосуреттерін жариялаған еді. Ал композитор Игорь Крутой қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді Түркиядағы өтетін туған күніне арнайы шақырған болатын.

Т. Раушанұлы