Дыбыс әрлеушілер қалай жұмыс істейді?

Дыбыс әрлеушілер қалай жұмыс істейді?
Фото: soundworkscollection.com

Дыбыс режиссері саласының бір бағыты ретінде дыбыс әрлеуші (шумовик немесе звукооформители) деген қызмет түрі бар екені белгілі. Бірақ, олардың аты да, заты да бағалана бермейді. Олар барлық фильм, сериалдың аясында (фон) болып жатқан дыбыстардың анық шығуын қамтамасыз етеді. Мысалы, тоғайда аяқ дыбысы бірден камераға жазылмауы мүмкін. Оның барлығын дыбыс әрлеушілер ретке келтіреді. Алғаш рет дыбыс эффектілер жазған және қолданғандардың бірі 1930-1960-жылдары Голливудта жұмыс істеген  Джек Фоли болатын. Америкада дыбыс әрлеушілер foley artist де атайды. Ал, төмендегі видеода дыбыс әрлеушілердің қалай жұмыс істейтіні көрсетілген.

Т. Есқали