Димаш Құдайберген әйгілі Лара Фабианмен бірге ән шырқайды

Димаш Құдайберген әйгілі Лара Фабианмен бірге ән шырқайды
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген кезекті қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында әйгілі Лара Фабианмен бірге ән шырқайтыны туралы жазды.

- Таяуда World music awards премиясының иегері Лара Фабианмен бірге жаңа дуэтті ұсынамыз, - деп жазды әнші Димаш Құдайберген.

Димаш осыған дейін канадалық әнші орындаған "Любовь уставших лебедей" әнін айтып, көпшілікті тәнті еткен болатын.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)17 Июл 2019 в 9:53 PDT

Ресейлік композитор Игорь Крутой канадалық әнші Лара Фабиан Димаштың ән орындауын есітіп, оның ерекше дауысын бағалап, "таңғажайып бала" деп атағанын айтқан еді.

Н. Үсенова