Атақты әндердегі өзгелердің "үні"

Атақты әндердегі өзгелердің "үні"
Фото: freepik.com

Музыка — асқан жылдамдықпан танымалдылыққа ие болып, әлемнің түкпір–түкпірінен еш қиындық өз тыңдарманын салалардың бірі. Дегенмен, айналдырған жеті нотаны пайдаланып, сан алуан ән жазғанымен ұқсас әуендер мен лирикалар кездеседі. Бірі әншіні плагиат жасады деп сөксе, енді бірі әнге ерекше танымалдылық сыйлағаны үшін алғыс білдіріп жатады. Атақты әншілердің арасында ескі хит әндерді қайталап айтатындар бар немесе аз ғана бөлігін өз музыкаларына қосатындар да табылады. Мысалы:

The Verve – "Bitter Sweet Symphony" (1997)
Үлгінің дереккөзі: The Andrew Oldham Orchestra – "The Last Time" (1966)

Музыканттар әнмен жұмыс бастамас бұрын Decca Records жазба студиясынан рұқсат алғанымен, "The Last Time" әнінің авторы The Rolling Stones тобының келісімін алмаған. The Verve менеджері Джазз Саммерспен кейін "роллингтердің" менеджері Аллен Клейн байланысқан. Саммерс Клейінге түскен табыстың 15% алуды ұсынған. Ал, Аллен әннің хитке айналатынын түсініп, 100% табысты талап еткен. "Bitter Sweet Symphony"  орындаушысының әннің авторларынан көңілі қалса да,  музыканы "Джиггер мен Ричардс 20 жыл ішінде жазған ең үздік ән" деп атаған. 

Daft Punk – "Harder, Better, Faster, Stronger»" (2001)
Үлгі дереккөзі:
Эдвин Бердсонг – "Cola Bottle Baby" (1979)

Тек әуен емес, "Harder, Better, Faster, Stronger" деген атауы да – 1970-жылдардағы атақты теле–шоу "Алты миллион долларлық адам"(Человек на шесть миллионов долларов) бағдарламасынан алынған. Кейін бұл әуенді Канье Уэст те "Stronger" (2007) атты әнінде қолданады. Daft Punk құрметіне орай, Уэст  олардың образын өз бейнебаянына сыйдырады. Ал, "Грэмми" марапаттау шарасында "Stronger" әнін олармен бірге орындайды. Ал, авторы Эдвин Бердсонгқа ән осыншалықты атақ– данқ сыйламаса да, тыңдарманын тауып, Стиви Уандермен жұмыс жасауға мүмкіндік берген. 

Бейонсе мен Джей Зи – "Crazy In Love" (2003)
Дереккөз үлгісі: The Chi-Lites – "Are You My Woman? (Tell Me So)" (1970)

Продюсер Рич Харрисон тек аспаптық сүйемелдеу жұмысын бақылауына алып қана қоймай, қосымша үлгілер таңдау барысына жауапты болған. "Are You My Woman?" атты композициясы оған Бейонсемен танысқанға дейін қатты ұнаған. Ал, Бейонсеге аранжировка мүлдем ұнамаған. Дегенмен,ол Харрисонге мүмкіндік беріп, музыка мен сөз жаздырған.  

Бритни Спирс – «Toxic» (2003)
Үлгінің дереккөзі: Лата Мангешкар пен С. П. Баласубраманиам – «Tere Mere Beech Mein» (1981)

Әрине, өткен хиттердің аздаған бөлігін жаңа әуенге қосатын жағдайлар жиі кездескенімен, үнді әндерінен таңдап алу екінің бірінің ойына келе бермейді. "Toxic" әнінің авторы — Кэти Деннис, алғашқыда әнін Кайли Миноугке ұсынған. Ол бас тартқаннан кейін әнді Бритниге берген.

Мадонна – "Hung Up" (2005)
Үлгі дереккөзі: ABBA – "Gimme! Gimme! Gimme! (A Man After Midnight)" (1979)

Аттақты квартет рұқсатын алу кез келген адамның қолынан келе бермейді: тарихта тек екі адам ғана алған. Мадоннаға дейін  "The Name Of The Game" әнінен фрагмент алу The Fugees группасына бұйырған. Бьорна Ульвеустің сөзіне сенсек, Мадонна оларға хат жазған, композиция тыңдап оның хит болатынына сенген. Сонымен қатар, Ульвеус "Мадоннаның әні ABBA тобы поп музыканың ДНҚ–сының бір бөлігі екенін дәлелдеді",— деген болатын.  

Готье мен Кимбра – "Somebody That I Used To Know" (2012)
Үлгі дереккөзі:
Луис Бонфа – "Seville" (1967)

"Seville" Готьеге тек аспаптық сүйемелдеу бөлігін ғана емес, алғашқы тіркестерді де сыйға берді. Түскен табыстың 45%–ы бразилиялық композитордің қорына кетті.

Т. Есқали