Музыка және ағылшын тілі

Музыка және ағылшын тілі
Фото: freepik.com

Шынайы өмірдегі ағылшын тілінің сіз оқып жүрген оқулықтардан сәл айырмашылығы бар. Біздегі қысқартпа сөздер секілді, ағылшын тілінің де өзіне тән ерекшелігі бар. Әсіресе, әуендер мен фильмдерде ондай сөздерді жиі қолданады. Келесі жолы сөздердің аудармасын біліп жүресіздер деп сенеміз. Ендеше, іске сәт!

1. Gonna
|ˈɡɑː.nə| = going to — бірнәрсені істегілі жатыр.

«Gonna» нұсқасы әлдеқайда жеңіл әрі жаттауға оңай.
Мысалы: We’re gonna get married. = We’re going to get married. — Біз үйленгелі жатырмыз.

2. Wanna
|ˈwɑː.nə| = want to / want a — қалау

«Wanna» қысқартпа сөзі екі жағдайда қолданылады: бірнәрсені істегіміз келгенде немесе белгілі бір затты қалаған сәтімізде. Бұл екі жағдайда да «wanna» сөзі «want to» немесе «want a» орындарына қолданылады:
Мысалы:Do you wanna come to my place for dinner? = Do you want to come to my place for dinner? — Менімен кешкі ас ішкің келе ме?

Мысалы: I wanna birthday party. = I want a birthday party. — Мен туған күніме орай кеш өткізгім келеді.

3. Gimme
|ˈɡɪm.i| = give me – бер

Бұл қысқарту – Бритни Спирстің «Gimme More» әні арқылы танымал. Көбіне ауызекі сөйлеу стилінде қолданылады.  
Мысалы: Oh, come on, Pat, gimme a break. — Пэт, жетер! Маған демалуға мүмкіндік берші!

4. Lemme
|ˈlɛmɪ| = let me — рұқсат ет.

«Lemme»  сөзінің дыбысталуы «gimme» сөзінің дыбысталуына ұқсайды.  Мағынасы жағынан да сәйкестік бар.
Мысалы: Lemme take care of her. = Let me take care of her. — Оған қамқор болуға рұқсат ет.

5. Kinda
|ˈkaɪ.ndə| = kind of — түр.

Сөйлеу кезінде жиі қолданылатын қысқарған сөз.  Мысалы:
Мысалы: What kinda music do you like? = What kind of music do you like? — Музыканың қандай түрлерін ұнатасыз?

6. Ain’t
|eint| = am / is / are not; have / has not — болымсыздық шылау

Бұл қысқартуды білген дұрыс, бірақ, қолданбаған абзал. «Ain’t» бұл эмоцияны білдіретіндіктен, әндердің сөзінде жиі кездеседі. Мысалы Дженнифер Лопестің «Ain’t Your Mama» әнін еске алыңызшы:

Мысалы: I ain’t gon’ be cooking all day, I ain’t your mama! = I’m not going to be cooking all day, I’m not your mama. —  «Мен саған күні бойы тамақ дайындау ойымда жоқ, мен сенің анаң емеспін».

7. A lotta
|eˈlɑːtə| = a lot of — көп.

Барлық қысқартпа сөздер секілді «a lotta» сөздердің жылдам айтылуы әсерінен пайда болды.  Бұл сөз қазір трендте, оны білуге міндеттісіз.
Мысалы: Hey, you askin’ a lotta questions. = Hey, you’re asking a lot of questions. — Эй, сен көп сұрақ қоясың.

8. Dunno
|dəˈnoʊ| = do not know — білмеймін.
Бұл – бейресми жағдайда қолданылатын сөз.
Мысалы: Dunno, Mike, do whatever you like. = I don’t know, Mike, do whatever you like. — Білмеймін, Майк, қалағаныңды жасашы.

9. Cuz
|kɔːz| = ‘coz = ‘cos = ‘cause = because — себебі.

«Because» сөзі тіл үйреніп жүргендерге ғана емес, ағылшын тілін жетік білетіндерге де қиындық тудырады. Сол себептен, оның қысқартылған бірнеше нұсқасын шығарған.
Мысалы: I like him cuz he’s pretty. = I like him because he’s pretty. — Ол маған ұнайды, себебі, өте сүйкімді.

Т. Есқали