Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / 28 маусымда Ержан Максимнің дебюттік концерті өтеді

28 маусымда Ержан Максимнің дебюттік концерті өтеді

28 маусымда Ержан Максимнің  дебюттік концерті өтеді

28 маусымда елорда тұрғындары жас дарын Ержан Максимнің айрықша шоу-концертінің куәгері болады, деп хабарлайды massaget.kz порталы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігі елорда күніне орай "Голос. Дети" жобасының жеңімпазы Ержан Максимнің алғашқы дебюттік концертін дайындауда.

"Орындаушының жасы жеке концертті өткізуге еш кедергі емес, Ержан бұл іске үлкен жауапкершілікпен дайындалуға кірісті. Қазіргі таңда жас дарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықпан Жолдасов және Ренат Гайсин сынды композиторлармен композиция жазу үстінде. Бұл - Ержанның репертуарындағы алғашқы авторлық әндер. Аталмыш шығармаларды жеке концертке келген көрермендер алғашқылардың бірі болып тыңдайды" делінген хабарламада.

Кештің репертуарында Н. Назарбаевтың "Отан-Ана", Э. Карменнің "All by Myself", М. Магомаевтың "Синяя вечность" композициялары және өзге де туындылар "Солистер академиясы" Мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалады.

Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова, Әбдіжаппар Әлқожа сынды қазақстандық орындаушылар Ержанға қолдау көрсетіп, жас дарынмен бірге ән шырқайды.

"Кештің репертуарымен ғана емес, сонымен қатар орындаушының көрермендер алдына шығатын сахналық образымен де егжей-тегжейлі жұмыс жасалуда. "Zeken Moda" брендінің авторы Қайролла Әбішев Ержанның айрықша костюмдерін дайындап жатыр. Бір айта кетері, нақты осы дизайнер Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концерті мен Лос-Анджелестегі "The World's Best"  (АҚШ) конкурсындағы костюмдерін тігіп берген еді" деп мәлім етті министрліктен.

Бұдан бұрын Ержан Максим астаналық балалар үйі мен "SOS балалар ауылына" барып, тәрбиеленушілерге алғашқы концертіне шақыру билеттерін өз қолымен үлестірді. Артынан жас дарын "Муз"ТВ-2019 жүлдесіне қонақ ретінде қатысып, сахна сыртында ресейлік эстрада жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетті.

Ержанның болашаққа жоспары көп. Қазіргі уақытта "Хабар" агенттігі Ержан Максим жайында деректі фильм түсіруді қолға алды.

Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда сағат 19-00-де қазақстандық орындаушы Ержан Максимнің алғашқы жеке концерті өтеді. Билеттерді қала кассаларында және BiletiAstani.kz. сайтынан алуға болады.

0
Рейтинг: +0

Фото: sputniknews.kz
Қосылған күні: 19 маусым, 15:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.