The Spirit of Tengri 2019: бірінші күн

The Spirit of Tengri 2019: бірінші күн

Әлемнің 16 елінен 70-тен аса музыкант Алматыда өтетін The Spirit of Tengri 2019 заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысады. Биыл жетінші рет өтіп жатқан фестивальді тамашалау үшін Достық пен Абай көшесінің қиылысына кешкі сағат17:00 болмай, жетідегі баладан жетпістегі қартқа дейін келді.

The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер – ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән. Жыл сайын The Spirit of Tengri сахнасына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал әртістер шығады. Фестиваль өтіп келе жатқан уақыттан бері 80-нен аса елдің белгілі музыканттары мен ұжымдары қатысып шықты. Фестиваль командасы отбасы мерекесінің ерекше атмосферасын туғызып, онда Алматы тұрғындары мен қонақтары асқан қызығушылықпен жиналады. Олар жәрмеңке аралап, этникалық шеберлер қалашығын тамашалап, киім, музыкалық аспап және ескерткіштер сатып ала алады. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады.

Фестивальдің шымылдығын қазақтың ұлттық дәстүрлі әндері мен күйлері, сондай-ақ, авторлық әндерін орындайтын Ashina тобы ашты.

Осыдан соң сахна төріне Childo Tomas ұжымы шығып өнер көрсетті. Жауып жатқан жаңбырға қарамай-ақ бүгінгі фестивальді тамашалауға келгендер қарасы өте көп болды. Childo Tomas тобы жауынға қарамай өнерін тамашалап жатқан жұртқа алғысын білдірді.

Биыл бұл фестивальді асыға күтетіндер жылдағыдай ерекше киініп келіпті, оның ішінен сіз өздерін түрлі бояумен әрлеген тыңдарманмен қатар ежелгі үндіс стилінде киінген адамдарды да таба аласыз.


Фестивальге арнайы келген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгінгі фестивальдің ашылуымен алматылықтарды құттықтады.
"Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Мың жылдық тарихы бар Алматыда, алатау баурайында биыл жетінші рет өткелі отырған The Spirit of Tengri 2019 заманауи этникалық музыка фестивалінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл фестиваль ұлы даланың көне сарындарын алыс жақын шет елдің ұлттық әуездерін заманауи музыкамен үйлестірген кәсіби орындаушылардың басын қосқан бірегей әуен мекені", – деді қала әкімі.

Биыл  The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне алғаш қатысып отырған украиналық Svata Vatra тобы өнерлерін ортаға салды.  Бұдан соң Kerekes Band және өзбекстандық Abbos тобы сахна төріне шығып, өз елдерінің этникалық әндерін жиналған тыңдарманға шашу етті. Музыканттардың этникалыө әніне жастар түгілі, мына әжей де жайбарақат қарап тұра алмай билей кетті.

Жауған жаңбырға қарамай тыңдармандар бүгінгі этникалық аспаптар мен заманауи музыка қосылған әдемі фестивальді тапжылмай тамашалады. Бүгін фестивальдің екінші күні жалғасын табады. Егер бірінші күндегі ерекше музыканттардың этникалық әндерін тыңдай алмай қалған болсаңыз мына сілтемеге өтіп толықтай қарауларыңызға болады.

Айта кетейік, The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасын 2012 жылы Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанциясы құрған. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты – қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальді ұйымдастырылып жатқалы 120 мыңнан аса адам тамашалаған. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер – ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)
SpaceX тағы 57 жер серігін ұшырды
SpaceX тағы 57 жер серігін ұшырды
Азамат ӘЛІБЕК: Уақыт қана күбірлеп үстелде отыр"
Азамат ӘЛІБЕК: Уақыт қана күбірлеп үстелде отыр"