"Евровидение"-2019 музыкалық байқауы туралы не білесіз?

"Евровидение"-2019  музыкалық байқауы туралы не білесіз?
Фото: ru.sputnik.md/

18 мамыр сенбі күні, Тель-Авивте халықаралық "Евровидение"-2019 музыкалық байқауының финалы өтті. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен миллондаған көрермен жинайтын байқау туралы не білесіз?

• 2019  жылы бұл байқау  64-рет өтіп отыр. Алғаш рет 1956 жылы Швейцарияда өткен.
• Израиль мемлекетінде бұл байқау осымен үшінші рет өтті. Осыған дейін 1979 және 1999 жылдары өткен болатын. Дегенмен, бұл мемлекеттің қоржынында үш жеңіс емес, төртеу болуы тиіс: 1978 жылы Изхар Коэн "A-Ba-Ni-Bi"әнімен, 1979 жылы Гали Атари "Hallelujah" әнімен, 1998-м – Дана Интернешнл "Diva" хитімен, 2018-м – Нетта Барзилай "Toy" композициясымен жеңіске жетті. 1980 жылы Израиль байқауды өткізуден бас тартқан. Өйткені, белгіленген күн аза тұту күніне сәйкес келді. "Евровидение"-1980 Нидерландта өтті.


• Осы жылғы "Евровидение" байқауының арнайы қонағы –  Мадонна. Ол "Like A Prayer" және жаңа "Future"  әнін орындады.
Мадоннадан бөлек, сахнаға өткен жылдардың қатысушылары Кончита Вурст, Монс Зельмерлев, Верка Сердючка, Элени Фурейра және Израильдық жеңімпаздар Изхар Коэн, Гали Атари, Дана Интернешнл және Нетта Барзилай шықты.


• Ресей атынан қатысушы Сергей Лазарев байқауға екінші рет қатысып жатыр: 2016 жылы да ол үшінші орын иемденген болатын. Одан бөлек, биылғы байқауға "тәжірибелі" бірнеше қатысушы бақ сынады:  Сан-Маринолық Серхат, Венгриядан Йоци Папаида сахнадан көрінді.
• Финляндия атынан қатысқан диджей Darude 1999  хит "Sandstorm" әнін жазған.
• "Евровидение"-2018 жеңіспазы Нетту Барзилайдың әнін плагиат деп кінәлаған болатын. Оның «Toy» атты әнінен тыңдармандар The White Stripes тобының "Seven Nation Army" атты әнінің элементтерін байқаған. Өткен жылы бұл шудың кесірінен Израильде байқаудың өту-өтпеуі белгісіз болатын.  
• 2016 жылдан бастап TV байқауды АҚШ-та көрсете бастады. Дегенмен, биыл көрсетілмейді – шоу америкалық көрермендерді қызықтыра алмаған.
• "Евровидение"-2019 байқауының биылғы ұраны – "Dare To Dream" ("Бар күшінмен арманда"). Өткен жылы "All Aboard!" ("Бәрін бортқа!"), 2017 жылы  – «"Celebrate Diversity" ("Әртүрлілікті тойлатамыз").

Т. Есқали