Жұпар Ғабдуллина Ильдар Абдразаковпен бірге "Аттила" операсында өнер көрсетеді

Жұпар Ғабдуллина Ильдар Абдразаковпен бірге "Аттила" операсында өнер көрсетеді
Фото: Астана Опера

«Астана Опера» жетекші солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина 28 сәуір мен 5 мамыр күндері Башқұрт опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетпек. Әнші Джузеппе Вердидің «Аттила» операсында басты Одабелла партиясын аталмыш спектакль премьерасында басты партияда өнер көрсететін атақты бас Ильдар Абдразаковпен бірге орындайды. Айта кетсек, И.Абдразаков осынау операда өзін алғаш рет режиссер ретіндегі қырынан танытпақ.

- Әріптестеріммен бірге Ильдар Абдразаковтың шақыртуымен өнер көрсетемін. Екеуміз «Аттиланы» әлемнің көптеген сахналарында орындадық, олардың ішіндеOpera Bastille, «Астана Опера» театры бар, енді, міне, Башқұрт опера және балет театры қатарға қосылады. Онымен бірге ән айту – бір ғанибет, сондықтан да, ол үшін екі есе жауапты болып табылатын спектакльге қуана-қуана қатысуға келісімімді бердім. Партияға қатысты айтар болсам, менің Одабеллам рухы мықты, жігерлі, сонымен қоса сүйетін әрі нәзік жан, - деп атап өтті әнші.

Жұпар Ғабдуллина – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, сондай-ақ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Ильдар Абдразаков – Башқұртстан Республикасының Халық әртісі, Татарстан Республикасының Халық әртісі; Башқұртстан Халықтар достығы Орденінің кавалері; «Алтын бетперде» ұлттық театр сыйлығының лауреаты, сондай-ақ «Грэмми» сыйлығының екі мәрте иегері.

Спектакльдің музыкалық жетекшісі әрі дирижері – Артем Макаров, суретші – Иван Складчиков (Мәскеу), хореограф – Ирина Филиппова, хормейстер – Александр Алексеев, жарық бойынша суретші – Ирина Вторникова. Басты партияларда – шақырылған солистер Ильдар және Асқар Абдразаковтар, Евгений Акимов, Сергей Скороходов (Мариин театры), Василий Ладюк («Жаңа Опера»), Жұпар Ғабдуллина (Астана Опера). Спектакльге Башқұрт опера және балет театрының солистері Лариса Ахметова, Артур Каипкулов, Владимир Копытов, Ян Лейше, Владимир Орфеев, Олеся Мезенцева және т.б. қатысады.

Т. Раушанұлы