Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді
Фото: YouTube

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаян түсірді.

Бейнебаянның тұсаукесері 18 сәуір күні МУЗ-ТВ арнасында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00-де кесілді. "Любовь уставших лебедей" әнінің сөзін Михаил Гуцериев, әуенін Игорь Крутой жазған. Ал бейнебаян режиссері – Алан Бадоев. Видеоклип YouTube видеохостингіндегі GUTSERIEV MEDIA арнасына жарияланды.

Бейнебаянның түсірілім жұмыстары 11 ақпанда басталғанын, барлық эпизодтар Испанияда түсірілгенін осыған дейін жазған едік.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремль сахнасында және «НТВ» арнасының «Орталық телевидение» бағдарламасында қонақта болғанда дәл осы әнді орындаған еді.

А. Қажиев