The World's Вest. Димаш пен Данэлия қандай нәтиже көрсетті?

The World's Вest. Димаш пен Данэлия қандай нәтиже көрсетті?

Американың The World's Вest байқауында бақ сынап жатқан қазақстандық танымал әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова кезекті рет өз өнерлерін ортаға салды.

Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындады. Осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, төрешілерді таңғалдырды. Ол шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасына бұл шешімін түсіністікпен қарауын өтінді.

Данэлия Төлешова болса финалға шыға алмады. Үндістандық Лидиан Надхасварамға жол берді. Ол әнші P!nk-тің What About Us композициясын орындаған еді.

Қазақстандық қатысушының қарсыласы шоу жеңімпазы атанып, миллион доллар ұтып алды. Финалда ол Оңтүстік Корея акробаттары Kukkiwon-мен сынға түскен.

Лидиан Надхасварамның финалда көрсеткен өнері

The World's Вest - талантты адамдарға арналған CBS телеарнасында көрсетілетін жоба. Төрешілердің арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл мен актер Ру Пол, британдық сықақшы Джеймс Корден бар. Ақырғы шешімді үш басты төреші мен әр мемлекеттен келген 50 сарапшы қабылдайды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
Тәбәрік деген не?
Тәбәрік деген не?
Киіз үйдің математикалық сипаты
Киіз үйдің математикалық сипаты
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?