The World's Вest: Димаш пен Данэлия үшінші турға өтті

The World's Вest: Димаш пен Данэлия үшінші турға өтті

Американың The World's Вest байқауында бақ сынап жатқан қазақстандық танымал әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова үшінші турға өтті.

Екінші кезеңде Димаш әнші әрі музыкант Эрик Карменнің All by Myself композициясын орындады. Ал қарсыласы италиялық әнші Кристина Скуччиа болды. Отандасымыз әділқазылар шешімі бойынша 94-39 есебімен жеңіске жетті.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

“A Star is Born” ???? #TWBDimash #WorldsBest ???? @kudaibergenov.dimash

Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)20 Фев 2019 в 7:58 PST

Америкалық қазылар алқасының мүшесі Ру Пол Димашқа ең жоғары 50 балл берді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

#TWBSisterCristina making @madonna proud with her #WorldsBest performance! ????

Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)20 Фев 2019 в 7:46 PST

Данэлия Төлешова екінші кезеңде жапон скрипкашысы Манами Итомен бәсекеге түсті. Отандасымыз Stone Cold әнін шырқады. Бұл әнді ол "Голос.Дети Украина" байқауында шырқаған. Төрешілердің шешімімен Данэлия 71-60 есебімен жеңіске жетті.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

#twbdaneliya is meant for the spotlight! ???? #WorldsBest

Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)20 Фев 2019 в 7:32 PST

"Мен жаңа жұлдыз баланың пайда болғанын сездім", - деді қазылар алқасының мүшесі Ру Пол. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

#TWBManami ???? #WorldsBest

Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)20 Фев 2019 в 7:22 PST

The World's Вest - талантты адамдарға арналған CBS телеарнасында көрсетілетін жоба. Төрешілердің арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл мен актер Ру Пол, британдық сықақшы Джеймс Корден бар. Ақырғы шешімді үш басты төреші мен әр мемлекеттен келген 50 сарапшы қабылдайды.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар