Billboard: Ариана Гранде "Битлз" рекордын жаңартты

Billboard: Ариана Гранде "Битлз" рекордын жаңартты
Фото: vk.com

Қазіргі таңда ең атақты әншілер қатарынан түспей келе жатқан Ариана Гранде Billboard Hot 100 рейтингінің тарихында қалатын болды. Оның Thank U, Next аталатын альбомындағы 3 ән қатарынан алдыңғы орындардан көрінді.

Мұндай жетістікке осыған дейін тек "Битлз" тобы жеткен еді. 1964 жылы ливерпульдік төрттік рекорд жаңартып, олардың Can't Buy Me Love, Twist and Shout және Do You Want to Know a Secret тректері чарттың көшін бастаған-ды.

Енді міне сол оқиғадан 50 жыл уақыт өтіпті. Осы жолы алғашқы 3 сатыны Ариананың 7 Rings, Break Up With Your Girlfriend, I'm Bored және Thank U, Next әндері иеленді.

А. Оралқызы