Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Жұлдыздар арасындағы "жұлдызды" жанжалдар

Жұлдыздар арасындағы "жұлдызды" жанжалдар

Жұлдыздар арасындағы

Музыканттар да – адам. Басқалар секілді олардың арасында достық та, бәсеке де, жанжал да болады. Әсіресе, әлемдік аренада жанжалға себеп көп. Бүгін әлемді мойындатқан әншілердің арасында туындаған ұрыс-керістерді атап өтеміз:

Кит Ричардс VS Элтон Джонжұлдыздар

«Ол тек әлдеқашан өліп қалған аққұба қыздар жайлы ғана ән жаза алады», – деп Кит Ричардс Элтон Джонның шығармашылығына баға берген болатын. Элтон Джон да қалыс қалмай: «Кит Ричардс болу – масқара. Ол аянышты. Жас көрінуге тырысқан маймыл іспеттес. The Rolling Stones тобын құрметтеймін, бірақ, олар 15 жыл бұрын Киттен құтылу керек еді»,– деді.  Одан бөлек, Элтон Джон Киттен сөз естіген алғашқы адам емес. Оған дейін ол Дэвид Боуиді «масқара», «позером», Принсті – «өзін жоғары бағалайтын мыртық»,  Metallica  мен Black Sabbath – «ұлы әзілқойлар» деп сөккен болатын. Элтон Джон да сүттен ақ, судан таза емес, бірде ол Мадоннаны фонаграмма қолданады деп айыптап, ашық «шабуыл» жасаған еді.  

Лиам Галлахер VS Ноэл Галлахержұлдыздар

Ағайынды Галлахерлердің тілінен таяқ жемеген әнші қалмаған секілді: Том Цорк, Эд Ширан, Бейонсе, тағы басқа әншілер...
Бірақ, бәрінен де сорақасы екі ағайынды жігіттің бір-бірімен өштесуі болатын. Тіпті, ата-жауым дейтін Дэймон Албарнмен қазір Ноэл достық қарым-қатынас орнатқан. «Мен кездестірген адамдардың ішіндегі ең жауызы», – деп 2009 жылы Лиам туралы Ноэл пікір қалдырған болатын. 2011 жылы Ноэл отбасын құрды, ал бауырын тойына шақырмады. 2018 жылы жазда Лиам татуласуға шешім қабылдап, алғашқы қадам жасағанымен, Ноэл әлі күнге дейін дегенінен қайтар емес.

Тейлор Свифт VS Канье Уэстжұлдыздар

Тейлор Свифт пен Канье Уэсттің VMA 2009 жыл шарасындағы жанжалы заманауи музыка әлеміндегі ең атақты ұрыстардың бірі десек қателеспейміз. Тіпті, бұған сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманың өзі пікір білдірген болатын. Жанжал неден басталды?
Свифтті «әйелдер арасындағы үздік видео» номинациясы бойынша жеңімпаз ретінде бағалып, оған сый ұсыну кезінде, Уэст оның қолындағы микрофонды жұлып алып, былай деген еді: «Тейлор, сен үшін өте қуаныштымын, бірақ Бейонсе – бұл сыйлыққа әлдеқайда лайықты». Әрине, реніш, жанжал, өкпе де болды. Бірақ, кейін татуласқандары жайлы ақпарат та тарады.

Дэймон Албарн VS Адельжұлдыздар

Blur орындаушысы және Gorillaz негізін қалаған Дэймон Адельдің «25» атты ән жинағына өз үлесін қосқан еді. Дегенмен, оның қатысуы арқылы жазылған әндер плейлистер тізіміне кірмеді. Бір сұхбатында Албарн әншіні өзіне сенімсіз, ал шығармашылығын жетілмеген деп сынға алған болатын. Басында Албарн бұл журналистер қатесі деп ақталғанымен, өткен көктемде Адельмен енді мүлде жұмыс істемейтінін айтты. Адель де Дэймонмен қайта жұмыс істеуге ниетті емес екендігін білдірді. Бала кезінде Blur тыңдарманы болған әнші, кумирімен жақын танысқанына өкінетін сынды.

Ники Минаж VS Карди Бижұлдыздар

Карди Би мансабы өрлей бастаған сәттен-ақ оны Никимен салыстыратындар саны жеткілікті болатын. Сол кезде-ақ олардың қарым-қатынасы жақсы еместігі жайлы қауесет тараған.  2018 жылдың көктемінде екі рэпер Met Gala балының қонақтары болып, тіпті бірге суретке түскен болатын. Ал, қыркүйекте Нью-Йорк сән аптасында тек олардың арасында жанжал ғана емес, төбелес болған еді: Карди Минажға биік өкшелі аяқ киімін лақтырған. Содан кейін Рианна Карди Бидің парақшасындағы жазылымды өшіріп, өз кешінің қонақтар тізімінен алып тастады. Дегенмен, бұл Карди Бидің атақты болуына еш кедергі келтірмеді.

Эминем VS Machine Gun Kellyжұлдыздар

Барлығы Эминемнің «Not Alike» әнінен басталады: ол заманауи рэперлерді сынға алады, олардың ішінде Machin Gun Kelly де болатын. Әрине, сынға жауап қатпау жұлдыздар, соның ішінде рэперлер үшін көндігу іспеттес. Machin Gun Kelly жауап ретінде «Rap Devil» атты тректі жазады, ал Эминем оған қарсы «Killshot»  әнін жарыққа шығарады. Дегенмен, екі әннің продюсері бір – Ronny J. Сәйкесінше, бұл жанжал әдейі ұйымдастырылған болуы да ғажап емес. Оның үстіне, қос рэпердің достарша араласып, бірге көңіл көтергендерін көргендер де бар. Егер бұл «қойылым» болса, онда сәтті шыққаны анық. Өйткені, «Rap Devil» Billboard Hot 100 чартында үздік жеке орындаушы әні атанса, «Killshot» – Эминемнің соңғы 5 жыл ішінде, топ-10 қатарына іліккен алғашқы әні болды.

Азилия Бэнкс VS Лана Дель Рейжұлдыздар

Қызуқанды рэпер Азилия Бэнкс шоу-бизнес әлемін бағындырып жүргендердің біразымен сөзге келіп үлгерген еді. Лана Дель Рей ғана біраз уақыт бойына достық қарым-қатынасты сақтап, онымен араласатын. Оған да нүкте қойылды. Бэнкске Лананың Канье Уэсттің президент Дональд Трампты қолданғанына бола сынағаны ұнамады. Ол сөз арасында A$AP Rocky атты әншіге жала жапқан сәтте Лананың қолдау танытқаны айтылып, оны екіжүзді атады. Ал, Лана Дель Рей Азалияға сыртынан емес, бетіне келіп айтуға кеңес берді. Сонымен қатар, ұлы рэпер болу мүмкіндігі барын, бірақ одан айырылып қалғанын да сөз етті. Оған жауап ретінде Бэнкс оның пластикалық ота жасатқанын айтып, сырт келбетін сынға алды және артық салмақтан арылуға кеңес берді.

Пендешілік барлық адамға тән. Одан атақ та, ақша да құтқармайды...

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: Коллаж
Қосылған күні: 05 ақпан, 15:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.