Мишель Легранды ұмыттырмайтын 5 ән

Мишель Легранды ұмыттырмайтын 5 ән
Фото: Delfi

Ұлы музыкант Мишель Легран 87 жасқа қараған шағында соңғы сапарына аттанды. Бұл туралы Le Monde басылымы хабарлады. Өлім себебі жарияланбады.

Атағы бар әлемге мәшһүр француз "Оскарға" 13 номинация бойынша ұсынылған, оның үшеуін жеңіп шыққан. Сондай-ақ ол "Томас Краун аферасы" фильміне жазған әні үшін "Алтын глобус" алған.

Көпшілік оны француз кинематографиясының символына айналған Катрин Денев басты рөлді сомдайтын "Шербур қолшатырлары" картинасына жазған саундтрегі арқылы таниды.

Осы Les Parapluies De Cherbourg әні оны ұмыттырмайтын туындылардың көшін бастайды. Одан кейінгі сатыдағы бір кездегі хиттер сіздің көңіліңізден шығатынына сенеміз.

Les Parapluies De Cherbourg


Les Moulins de Mon Coeur


The windmills of your mind


The way he makes me feel


What are You Doing the Rest of Your Life 

А. Оралқызы