Грэмми — 2019: Номинанттар тізімі

Грэмми — 2019: Номинанттар тізімі
Фото: vk.com

7 желтоқсанда Американың дыбыс жазу компаниялары қауымдастығы "Грэмми" сыйлығына үміткерлерді жариялады.

Биыл ең көп номинацияға ұсынылған Кендрик Ламар есімімен таныс музыкант болды. Ол бірден 8 аталым бойынша "Грэмми" алуға үмітті. Естеріңізде болса, Кендрик Ламар — музыка бағыты бойынша Пулитцер премиясына лайық деп танылған алғашқы рэппер. Ол бұрын тек классика бағытындағы өнерпаздарға ғана берілетін. Мұндай марапат музыканттың алдыңғы жылы жарық көрген DAMN. аталатын альбомы үшін табысталды.

Альбомға "заманауи афро-америкалық өмірдің бар қиындығын бір басына тоғыстырған және ритмдік динамизммен айрықшаланатын әндер жиынтығы" деген сипаттама берілген. Ламардың DAMN. аталатын альбомы былтыр "Грэмми" премиясына ұсынылып, "Үздік рэп-альбом" атағын жеңіп алды.

Номинациялар саны бойынша екінші орында рэппер Дрейк орналасты. Биылғы жылы ең көп еленген әнші арулардың көшін Брэнди Карлайл (6 номинация) бастап тұр. Сондай-ақ, Карди Би, Childish Gambino, Леди Гага мен H.E.R тобы 5 номинация бойынша бәсекеге түседі. Салтанатты марапаттау рәсімі 2019 жылы 10 ақпанда өтеді.  

Жыл альбомы:

Invasion Of Privacy, Карди Би 
By The Way, I Forgive You, Брэнди Карлайл
Scorpion, Дрейк
H.E.R., H.E.R.
Beerbongs & Bentleys, Post Malone
Dirty Computer, Жанель Монэ
Golden Hour, Кейси Масгрейвс
Black Panter, Кендрик Ламар 

Жыл әні:

Кендрик Ламар мен SZA — All The Stars
Ларранс Допсон, Джоель Джеймс, Элла Маи мен Дижон Макфарлейн — Booʼd Up
Дрейк — Godʼs Plan
Шон Мендес — In My Blood
Брэнди Карлайл —The Joke
Zedd & Maren Morris — The Middle
Леди Гага мен Брэдли Купер — Shallow
Childish Gambino — This Is America 

А. Оралқызы