Қайрат Нұртас 5 жылдығына шақырады

Қайрат Нұртас 5 жылдығына шақырады

Алматы қаласы Республика Сарайында 30 қарашада өтетін бес жылдық есеп беру концертіне Қайрат әнші дайындықпен келген сыңайлы. Концерт бағдарламасына сәйкес, аты аңызға айналған Haddaway де келіп, өнер көрсетпек.

Атақты "What is Love" әнімен әлемге әйгіленген Haddaway Қаратпен бірге ән айтады деген де сыбыс бар. Концерттен соң Қайрат Кореяға гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Басталуы - 19.00

Билет құны: 4000-15 000 теңге аралығында 

Билеттерді Республика Сарайының кассасынан немесе мына жерден алуға болады. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kupibilet.kz

А. Құлтай