Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Жігіттер" квартеті фильм түсіре ме?

"Жігіттер" квартеті фильм түсіре ме?

Қазақ кино өнерінің қоржыны соңғы жылдары қыруар фильмдермен толықты. Дегенмен оның сапалысы бар, көрермен көңілінен шықпағаны да жетерлік. Әсіресе әншілер кино саласына көптеп көңіл бөлетін болды.

Эстрада жұлдыздары ел назарына ұсынған фильмдер аз емес. Баян Есентаеваның өзі соңғы жылдары қаншама фильм түсірді. Қайрат Нұртастың кинотуындылары да өз көрермендерін тапты. Бір ай бұрын Төреғали Төреәлі де "Ұлы дала комедиясын" жарыққа шығарды. Ерке Есмахан да "Махаббат кафесін" таныстырды. Бірер күннен кейін әнші Бүркіттің де жаңа фильмінің тұсауы кесілмек. Осы орайда биыл өнерде жүргендеріне 15 жыл толған "Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымовтан да фильм түсіру жайында сұраған едік. Сұрағымызға жауабын жұмбақтаған жоқ. Ашығын айтып, ондай ойлары барын жасырмады.

Бәрі - комедия, бәрі - кәсіп

- Жеке пікіріме келетін болсақ, бүгінде жастарға жылдам айтылатын, тез ұмытылатын әндер жақын болып барады. Қазір той-томалақтың төңірегіндегі әндер көбейіп кетті. Сол секілді кино саласында да осындай жағдай секілді. Неге десеңіз, қайбір әнші түсіріп жатқан қазақтың есінде қалатын, "міне кино деген осындай болу керек" деген киноны көріп жатқаным шамалы. Көбі - кәсіп. Барлық кино сол комедия жанрында түсіріліп жатыр. Бір-біріне ұқсайтын тұстары да бар.

Бәсекелесіп кеткендей көрінесің...

- Кино түсірсек қалай болар екен деп ойланып көргенбіз. Қандай бағытта түсіреміз дегендей. Халыққа қазір өтсе де комедия түсірмес едім. Биыл бар болып, келер жылы ұмытылатын дүние. Сол үшін мен басқа бағытты, басқа жолды таңдар едім. Мысалы, халық әндері, Шәмшінің әндері секілді өлмейтін, өшпейтін дүние жасағым келеді. Қазір енді әншілердің кинолары шығып жатыр. Олармен жағаласып түсіргің де келмейді. Құдды бір бәсекелесіп кеткендей көрінесің.

Негізі жоспарда бар. Өзіміздің топ жайлы, 15 жыл ішінде талай кезеңдерді бастан өткердік. Адам қызыға көретін тақырып тапсақ, бастап та кетерміз, - деді Ерғали Әбдірайымов.

Ерғали Әбдірайымов: "Ерке қыз" – "Жігіттердің" бағын ашқан ән 

Айта кетейік, "Жігіттер" квартеті 2 желтоқсан күні Алматы қаласында ("Алматы Арена") 15 жылдығына арнап ән кешін өткізеді. Концерт билеттерін республика, студенттер сарайының кассаларынан, онлайн тапсырыс беретін сайттардан (kassir.kz, ticketon.kz, zakazbiletov.kz) сатып алуға болады. Сондай-ақ билеттер бойынша +7 701 988 11 22 және +7 705 815 29 29 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 26 қараша 2018, 17:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.