Димаш Құдайберген Англияда жеке ән кешін өткізеді

Димаш Құдайберген Англияда жеке ән кешін өткізеді
Фото: egemen.kz

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Англияда жеке ән кешін өткізеді. Бұл туралы өнер жұлдызы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

- Құрметті достар! ҚР мәдениет және спорт министрлігінің және Ұлыбританиядағы ҚР елшілігінің қолдауымен өтетін Англиядағы жеке ән кешімде көріскенше асықпын. Ұмытылмас күн болатынына сенемін) Барлық ақпарат кейінірек, - деп жазба қалдырды.

Әнші жариялаған хабарламадағы афишада жеке ән кеші 19 қараша күні әйгілі "Royal Festival Hall" залында өтетіні жазылған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)9 Окт 2018 в 9:23 PDT

Н. Үсенова