"The Beatles" тобының алғашқы түсірілімі

"The Beatles" тобының алғашқы түсірілімі
Фото: diletant.media

1962 жылы ағылшын телекомпаниясы Granada TV өзінің арнайы «Know The North» атты бағдарламасына Ливерпульда танымал музыканттарды шақырады. Музыкалық топ сол уақытта өз барабаншысы Пит Бестпен қоштасқан болатын. Ал, түсірілім алаңында өнер көрсеткен Рингоның келгеніне небәрі 4 күн өткен еді.

Түсірілім уақытында The Beatles тобының бірде-бір күйтабағы жарыққа шықпаған еді. Алғашқы сингл 1962 жылдың 5 қазанында ғана жарық көрді.

Түсірілім жұмысы сәтті өткенімен, бұл видео жазба эфирге жіберілмеді. Өйткені, телеарна сапасыз контент ретінде таныған. Granada TV "The Beatles" тобын күйтабақ шыққан соң қайта түсірілім алаңына шақыртады. Бұл – топтың телеарнадан алғаш бой көрсеткені. Ал, "сапасыз" жазба араға бір жыл салып, бәрібір телеарнаға жол тартады.

Т. Есқали