Шарль Азнавур өмірден өтті: Ұлы шансоньені ұмыттырмайтын 5 ән

Шарль Азнавур өмірден өтті: Ұлы шансоньені ұмыттырмайтын 5 ән
Фото: vk.com

Француз композиторы, әнші әрі актер, тұтас бір ғасыр дауысына айналған Шарль Азнавур 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Time журналы мен CNN арнасы Шарль Азнавурға ХХ ғасырдағы үздік эстрада әншісі деген баға берді. Өнердегі мансабында 1300 ән жазып, оларды Рэй Чарльз, Боб Дилан, Лайза Миннелли сынды аса талантты әншілер орындаған болатын. Ұлы шансонье Фрэнк Синатра, Селин Дион және Лучано Павароттидай керемет орындаушылармен қосыла ән шырқады. 2017 жылы Голливудта оның атындағы жұлдыз ашылды. Бұл жаңалық барша әлем жұртшылығының қабырғасын қайыстырды. Ол өмірден өтсе де, әншінің дауысы өнер деп соққан жүректерде ұзақ сақталары хақ. 

Редакция Азнавурды ұмыттырмайтын 5 әнін ұсынып отыр.

 Une Vie d'Amour

 La Boheme

 Parce que tu crois

 Emmenez moi

J'aime Paris au mois de mai (avec ZAZ)

 

А. Оралқызы