Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Ән салшы, Роза" әнінің шығу тарихы

"Ән салшы, Роза" әнінің шығу тарихы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі, танымал әнші Роза Әлқожа өнерсүйер қауымға сазгерлік қырынан да кеңінен таныс. Оның жүректен шыққан әсем әндері талайдың жанына жақын келіп, көңілінің төрінен орын ала білді. Бүгінде Роза Әлқожа қырыққа жуық ән шығарған. Ал оның репертуарындағы ерекше әндердің бірі «Ән салшы, Роза» тарихы жайлы әншінің өзі былай деп сыр шертті:

«Бұл ән осыдан жеті-сегіз жыл бұрын жазылған. Ол кезде мен бесік тербетіп, бала тәрбиесімен айналысып, өз шығармашылығымнан алыстап қалып жүрген едім. Көрермендердің қошеметін аңсап, сахнаны сағынып жүрдім. Сол сәттерде «Ән салшы, Роза» әнін жазып шығардым. Мен бұл әнімді Роза Рымбаеваға арнаған едім. Бала кезімнен сол кісіні пір тұтып, әнін тыңдап өстім. Есімім де Роза апайымның құрметіне қойылған. Сондықтан ол кісінің өзін де, өнерін де қатты құрметтеймін. Ән әуені дайын болды дегенде Роза Сейілхан ақын құрбыма хабарласып, сөз жазып беруін өтіндім. Әннің қалай шыққаны туралы да айттым. Роза менің ойымды бірден түсінгенімен, ән сөзін жаза алмай біраз жүрді. Кейін жазып берді. Міне, «Ән салшы, Роза» әні осылай дүниеге келді. Өткен жылдың 18 желтоқсанында шығармашылығымның 10 жылдығына орай тұңғыш жеке концертімде бұл әннің тұсауын кестім. Ән бірден кеңінен танылып, халық оны жылы қабылдады. Өкінішке орай, менің концертіме Роза апайым келе алмай қалды. Бірақ, концерттен соң, ол кісінің өзіне жолығып, әнді тыңдаттым. Роза апайым әнді ұнатып, жылы лебіздерін білдіріп жатты»


«Ән салшы, Роза» әні ешқандай мадақ та, мақтау да емес. Ол бұрынғы «Майра, Майра, қызыл тілім сайра» сияқты әндердің жалғасы іспетті. Қазақтың Роза сияқты маңдай алды әнші қыздарының шырқар әндері таусылмасын!

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: alashainasy.kz және әншінің жеке мұрағатынан алынған

5472 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 06 қараша 2012, 05:18
Пікірлер
+0
06 қараша 2012, 08:36

"Бүгінде Роза Әлқожа қырыққа жуық ән шығарған" Әндері бір-біріне ұқсайды :roll:

+0
06 қараша 2012, 08:43

о баста осы әнді Розаның өзі орындағаны ерсі естілген

+0
06 қараша 2012, 09:31

Жақсы ән, ұнайды маған

+0
06 қараша 2012, 11:46

мына ән есіме Қайырды түсірді

+0
06 қараша 2012, 11:48

Бір рет естісең, қайталап айта бересің, жабысқақ ән :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...