Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Орындаушылық өнердің жарық жұлдыздары Астана төрінде өнер көрсетпек

Орындаушылық өнердің жарық жұлдыздары Астана төрінде өнер көрсетпек

Орындаушылық өнердің жарық жұлдыздары Астана төрінде өнер көрсетпек

16 қыркүйек күні "Астана Опера" Үлкен залының сахнасына есімдері әлемге кеңінен танымал музыканттар: виолончелист әрі дирижер, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқаудың бірінші сыйлық (алтын медаль) лауреаты Давид Герингас; С.Кнушевицкий атындағы Халықаралық байқаудың І сыйлық лауреаты Дали Гуцериева (виолончель) және Пласидо Домингоның "Опералия" Халықаралық вокалистер байқауының І сыйлық лауреаты Екатерина Лехина (сопрано) шығады. Сонымен қатар "Орындаушылық өнердің жарық жұлдыздары" концертінің бағдарламасы "Астана Опера" Симфониялық оркестрінің керемет өнер көрсетуімен өтеді.

Тыңдарман назарына Франц фон Зуппенің "Ақын және шаруа" увертюрасы, Константин Боярскийдің виолончель, сопрано және симфониялық оркестрге арналған концерт-сюитасы ұсынылады. Бұдан бөлек, Макс Брухтың виолончель мен оркестрге арналған Kol Nidreі  туындысы шырқалып, кеш Феликс Мендельсонның №4 Симфония, «Итальяндық», ля мажор, ор.90 шығармасымен шымылдығын жабады.

"Астана Опера" Симфониялық оркестріне маэстро Давид Герингас дирижерлік етеді, ол сондай-ақ Макс Брухтың Kol Nidreі туындысын орындап, виолончелист ретінде жеке өнер көрсететін болады. Еске салар болсақ, Давид Герингас өзінің шебер ойынымен, сондай-ақ Бах пен Моцарттан бастап Губайдулина мен Васксқа дейінгі ауқымды репертуарымен кеңінен танымал. Алғашқылардың бірі болып Батыста Ресей мен Прибалтиканың авангардист-композиторларының музыкасын ұсынды. Олардың көпшілігі өз туындыларын музыкантқа арнаған.Дирижер ретінде Еуропа, Мексика, Коста-Рика, Исландия, Жапония, Қытай оркестрлерімен жұмыс жасады.

Оның әріптесі виолончелист Дали Гуцериева дарынды ресей музыканттарының жаңа толқын өкілдеріне жатады.С.Кнушевицкий атындағы Халықаралық байқаудың І сыйлық лауреаты.Замандасымыз, ресейлік-британдық композитор Константин Боярскийдің виолончелистке арнап жазған Дауыс, виолончель және оркестрге арналған сюитасы "Астана Опера" сахнасында шырқалады.Жас солист тұрақты түрде Финляндия, Испания, Италия, Чехияның ірі театрларының сахнасында өнер көрсетеді.

Дали Гуцериевамен бірге Константин Боярскийдің дауыс, виолончель және оркестрге арналған сюитасын Үлкен театрдың солисі, 2007 жылы Пласидо Домингоның «Опералия» Халықаралық жас вокалистер байқауының І сыйлық лауреаты атанған әнші-сопрано Екатерина Лехина орындайды. 2008 жылы ол "Гофман ертегілеріндегі" Олимпия партиясымен Ковент-Гарден Корольдік опера театрында дебют жасап, 2011 жылы "Грэмми" америкалық дыбыс жазу академиясының "Ең үздік опера жазбасы" аталымы бойынша беделді марапатына ие болды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 10 қыркүйек, 18:47
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.