Димаш Құдайберген "А-Студио" концертінде өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген "А-Студио" концертінде өнер көрсетеді
Фото: © instagram.com / @kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауының шеңберінде Сочиде өтетін "А-Студио" тобының шығармашылық кешінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Димаш Құдайберген 5 қыркүйекте A'Studio тобының шығармашылық кешінде өнер көрсетіп, 9 қыркүйекте "Новая волна" байқауының жабылу салтанатында тағы бір мәрте ән шырқап, тыңдарманын қуантады. Бұл туралы әнші Instagram парақшасы арқылы хабарлады.

Байқаудың жабылуында Димашпен бірге Loboda, Елена Темникова, Лариса Долина, Олег Газманов, Филипп Киркоров, Зара, Жасмин, Тимур Родригез және ресейлік өзге де жұлдыздар өнер көрсетеді.

Ө. Сансызбай