Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Бақтияр Адамжан италиялық өнер сүйер қауымның көңілін баурап алды

Бақтияр Адамжан италиялық өнер сүйер қауымның көңілін баурап алды

Бақтияр Адамжан италиялық өнер сүйер қауымның  көңілін баурап алды

Көптеген беделді халықаралық байқаулардың гран-при иегері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан алғаш рет ХХ ғасырдағы көрнекті хореограф Ролан Петидің қойылымындағы «Бозбала мен ажал» балетіндегі Бозбала басты рөлін сомдады.

Қойылым аты аңызға айналған биші әрі хореограф Рудольф Нуреевке арналған Tributo a Rudolf Nureyev халықаралық гала-балеті аясында 28 шілде күні біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдан бері сақталып келе жатқан көне римдік амфитеатр, Сполето (Италия) Рим театрының ашық сахнасында өткен болатын. Әлемдік балет жұлдыздарының орындауында көрермендерге Р. Нуреевтің репертуарынан нөмірлер ұсынылды.

Ролан Петидің «Бозбала мен ажал» бір бөлімді атақты балеті 1946 жылы Иоганн Себастьян Бахтың Пассакалья музыкасына қойылды, оған арқау болған Жан Коктоның өлеңмен жазылған либреттосы. Гала-балетке арнап қойылымды жүзеге асырған Р. Петидің ассистенті – балетмейстер Луиджи Бонино, ол өзі де бір кездері Бозбаланың партиясын орындаған болатын. Бақтияр Адамжанның сахнадағы серігі болған әйгілі миландық Ла Скала театрының прима-балеринасы Николетта Манни.

Бұдан бөлек, Бақтияр Адамжан осы кеште Венгрия мемлекеттік операсының  примасы Татьяна Мельникпен Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінен Па-де-дені орындады. Итальяндық көрермен қауым Б. Адамжанның әрбір сахнаға көтерілуін толассыз қошеметпен қарсы алып, қазақстандық балет жұлдызын зор сүйінішпен қабылдады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 07 тамыз, 15:43
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.