«Ғасыр әні» жаңа мәнерде қайта орындалады

«Ғасыр әні» жаңа мәнерде қайта орындалады
Фото: vk.com

АҚШ Ұлттық музыкалық ассоциациясы мүшелерінің кезекті кездесуінде өткен жүзжылдықтың әні анықталған болатын. «Ғасыр әні» ретінде белгілі Beatles тобының мүшесі Джон Леннонның барша ғаламға танымал «Imagine» әні танылды. 

Сол шарада тағы бір ерекше әрі күтпеген жағдай болған еді. Адамзаттың жарқын болашағына деген ақ сенімге тұнық әннің авторы ретінде осы күнге дейін тек Леннонның өзі ғана танылып келгені баршаға мәлім. Музыканттың жұбайы Йоко Ононың қосқан үлесі еленбеген болатын. Ассоцияция жиынында көрсетілген мұрағаттық видео-сұхбат кезінде биттл әннің авторы өзі ғана емес, Йоко Оно да болатынын айтады. «Ол кезде мен тым өзімшіл едім, сол себепті Ононың «Imagine» әніне қосқан үлесін мойындамадым»,– деді музыкант. 

Енді осы ән Йоко Ононың жаңаша орындауында қайта жарыққа шықпақ. 85 жастағы Йоко Оно бұл туралы Warzone аталатын жаңа альбомының релизі болатын күнді бекіткенде хабарлады. Жобада 13 ескі трек қайта шығарылады. Солардың қатарында осы Imagine әні де бар.

Альбомның басты әні оның атауымен бірдей екен. Оны әнші релизге дейін жүктегенді жөн көріпті.

А. Оралқызы