Рэпер Дрейк The Beatles тобының рекордын жаңартты

Рэпер Дрейк The Beatles тобының рекордын жаңартты
Фото: vk.com

Рэпер Дрейктің Scorpion аталатын альбомы рекорд жаңартуын тоқтатар емес. Өткен аптада ол Spotify және Apple Music платформаларында ең көп тыңдалған альбомдар рейтингі бойынша озық деп танылды.

Сондай-ақ, Дрейк альбомының релизінен 1 апта өтпей жатып миллиард тыңдалым жинаған әртіс ретінде музыка тарихында қалатын болды.

Соңғы деректер бойынша, ол атақты The Beatles тобының өзін музыка тұғырынан түсіре жаздаған. Scorpion альбомындағы 7 ән Billboard Hot 100 рейтингі бойынша ТОП-10 кірді. 1964 жылы The Beatles тобының 5 әні осы ондыққа енген екен. Дрейк әндерінің саны көп болса да, музыка тарландарын толық ығыстыра алмайды. Өйткені, осы 5 ән ондықтың алғашқы бестігінде орналасқан. Рэпер әндері 1, 2, 4, 6, 7, 8, 9 орындарды тұрақ етті.

А. Оралқызы