Тупак Шакур. XX ғасырдың атақты қылмыстық оқиғасы

Тупак Шакур. XX ғасырдың атақты қылмыстық оқиғасы
Фото: vk.com

Keffe D лақап атымен танымал гангстер Дуэйн Кейт Дэвис 1996 жылы орын алған атақты қылмыстық іске кім кінәлі екенін айтты.

Бұл құпияны ол Netflix кеңістігінде жарыққа шыққан "Шешімі табылмаған" (Unsolved) деп аталатын деректі фильмдер желісінде жариялады. Keffe D сол кезде Тупак Шакурға оқ атылған машинада отырса да, осы күнге дейін "көше кодексын" бұза алмай келген. Қазір мұндай қауіпті қадам жасауы оған қатерлі ісік диагнозын қоюымен тікелей байланысты. Енді оған қорқатын ештеңе қалмаған.

"Мен Тупактың өлімі туралы бар ақиқатты білетін жалғыз адаммын. Қалғаны өлген. Осы күнге дейін маған шындықты айтқызбай келді. Маған керегі әділеттілік",- дейді Keffe D.

Сонымен,  Тупакты  осы Дэвистің жиені Орландо Baby Lane Андерсон өлтірген. Рэперге оқ атпастан бірнеше сағат бұрын  Орландо Шакурдан Death Row Records бандасының белгісі бар медальонды алғысы келген. Бірақ, Тупак достары оны ұрып жіберген. Соған намыстанған Baby Lane әлемдегі ең атақты рэперге оқ атқан. Бір қызығы, ол осы 20 жыл ішінде Тупак өліміне қатысты айыпталмаған екен. Өзі 1998 жылы Калифорния штатында болған атыста қаза тапқан. Қазір деректер тексерілуде.

Тупак Шакурдың соңғы суреті 

Бұл оқиғаға қатысты осыған дейін әлеуметтік желілерде “Өтіріктің қаласы” аталатын жаңа картинаның трейлері жарияланған еді. Фильмде нағыз актерлік харизмасымен барша әлемді тамсантқан Джонни Депп ойнайды. Оның кейіпкері 20 жыл бойы атақты қылмыстық оқиғаның ашылуы жолында еңбектеніп келген. Ол Джек Джексон (Форест Уитакер) есімді журналиспен бірге 1990-шы жылдардың ең даңқты рэперлерін өлтірген адамды іздейді.

Сюжет негізіне Тупак Шакур мен Ноториус Бигтің өлімі туралы жазылған “Лабиринт” кітабы алынған. Авторы – Рамита Наваи. Картина режиссері – Брэд Фурман. Фильм премьерасы 2018 жылдың 7 қыркүйегі күні өтеді.

А. Оралқызы