Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Бурабай аспанының астында «Біржан – Сара» операсы қойылмақ

Бурабай аспанының астында «Біржан – Сара» операсы қойылмақ

Бурабай аспанының астында «Біржан – Сара» операсы қойылмақ

14 шілде күні Бурабай аспанының астында қазақ опера өнерінің інжу-маржаны – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» қойылымы көрермен назарына ұсынылмақ. Жауһар туындының жаңа музыкалық-сахналық редакциядағы тұсаукесері осы жылдың көктемінде «Астана Опера» сахнасында орын алып, орасан зор жетістікке ие болған еді. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асуда.

«Біржан – Сара» туындысы – қазақ опера өнерінің төлтума жауһары. Қойылымға барынша нақтылық беріп, қазақ жерінің бай табиғатын көрсету үшін спектакльді сұлу өлке – Бурабайда қоюға шешім қабылданды.

Қойылым тобының бүгінгі таңдағы бірегей шешімдері мен спектакльдің сценографиялық айшықтарын қоса алғандағы барша драматургия толықтай сақталады. Дегенмен, театрдың қыр-сыры жағдайға байланысты болмақ, қойылымдарды ашық аспан астында өткізу тәжірибесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ: партитурада жазылғандай, Біржан өз ариясын алыстан шырқайды, орманның акустикасы әнге ерекше айқын реңк береді, тіпті табиғаттың өзі декорацияның бір бөлігі іспеттес. Бұл көрермендеріміз театр сахнасында бұрқырап ағып, баршаны тамсандырған сарқыраманы не көздің жауын алар жәрмеңкені көре алмайды деген сөз емес, бәрі де болады! Бірақ, ең бастысы – керемет музыка, солистердің тамаша дауыстары мен оркестрдің үйлесімді дыбысталуы тыңдарманға ұмытылмас ерекше әсер сыйламақ.

Спектакльдің тұжырымдамасы барлық кейіпкерлер бейнелері біржақты баяндмалуымен сипатталады. Көрермен қауымға Біржан мен Сараның бұл дүниеде орын алуы жазбаған махаббат оқиғасы ұсынылады. Дәстүр бойынша, опера басты қаһарманның қазасымен аяқталады, алайда қоюшылар үміт отын сөндірмейді, яғни құрбандыққа шалынған махаббаттың бекер болмағанын көрерменнің түсінгенін қалайды. Біржан мен Сараның оқиғасы мыңдаған ұрпақтың бірігуіне мүмкіндік беріп, халықтың жадында махаббаттың ұлы құдіреті жайлы естелік болып мәңгілікке қалмақ.

Басты партияларды орындаушылар: Біржан – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Байнеш, Сара – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Жанбота – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Аналық – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Алтынай – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Жиенқұл – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Талғат Ғалеев, Қожағұл – Шыңғыс Расылхан, Серік – Рамзат Балакишиев, Естай – Бейімбет Таңарықов.

Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Мұхитдинов, қоюшы режиссер – PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Маемиров, кеңесші режиссер – Беларусь Үлкен театрының бас режиссері, Г.Тукай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Панджавидзе, режиссер – Н.Кагадий, балетмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Тәти, М.Авахри, қоюшы режиссердің ассистенті – Е.Тойкенов. Қоюшы суретшілер мен сценографтар – С.Тамсағамбетова мен П.Драгунов. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Дәуітов.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 09 шілде, 11:58
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.