«Star of Asia» фан-клубы фестиваль билеттерін ұтып алу үшін би баттл ұйымдастырды

«Star of Asia» фан-клубы фестиваль билеттерін ұтып алу үшін би баттл ұйымдастырды

Қазақтанның оңтүстік астанасындағы ең ірі музыкалық бағдарлама «Star of Asia» фестивалінің ашылуына 5 күн қалды. Музыкалық шара қарсаңында алматылық жастар шоу билеттерін ұтып алу үшін би баттлын ұйымдастырды. 

Аталған шараға 30-дан астам биші қатысты. Олар хип-хоп, брэйк дэнстан K-POP-қа дейін түрлі стильде биледі.

8 финалист концертке билет ұтып алды. Олар: Асембекова Диана, Елдала Ақбота, Мадьярова Майра, Сейтжан Аружан, Бышенко Анастасия, Джей, Ерболат Диана, Абугали Махамбет.
Қалалық тинэйджерлер «Star of Asia» фестивалінің тек отандық музыка индустриясы үшін ғана айтулы оқиға емес екендігін көрсетті. Ең бастысы, фестиваль шетелдік әртістерді алматылық көрерменге жақындатады.

Айта кетерлігі, Медеу» мұз айдынының сахнасында АҚШ-тан келген Anastacia, Оңтүстік Кореяның әншісі ASTRO, Ресейлік - SEREBRO, Швециядан келген ARASH, Өзбекстандық - Севара, Қырғыстандық - Жидеш Идирисова, Әзірбайжандық - Диляра Кязимова, Жапондық -PinocchioP feat. MCHatsune Miku, Индиялық - Isheeta Chakrvarty және басқалары өнер көрсетеді.
Би баттлының тағы бір ерекшелігі - алматылық Қуандык Шаймадан би алаңында сүйіктісі Сағыныш Рысқұлбековаға жүрегінің қалауын білдірді. Ұнатқан жігітінің жүрекжарды ұсынысын қабылдаған бойжеткен бұдан былай «Star of Asia» өзі үшін ең айрықша әрі мәңгілік жадында сақталатын оқиға екенін айтты. 

Еске салсақ, «Star of Asia» «Медеу» мұз айдынында 16 - 17 маусым күндері өтеді.Фестиваль сағат 19.00-де шетелдік және отандық орындаушылардың, әртістердің және медиа- тұлғалардың қызыл кілемше үстімен жүріп өтуімен басталады.

А. Оралқызы