The Spirit of Tengri. Жаздың ең басты оқиғасы.

The Spirit of Tengri. Жаздың ең басты оқиғасы.
Фото: Массагет

The Spirit of Tengri 2018 ашылу салтанаты басталды. Музыканттар көрермендермен сәлемдесу үшін сахнаға шықты. Дәстүр бойынша оларды тыңдарман жылы қарсы алды.

Фестиваль алаңына қонақтар көптеп келіп жатыр. Әртістер өнер көрсеткенше көрермендерді hand-made жәрмеңкесі ерекше бұйымдармен, музыкалық аспаптармен таңғалдырады.

VI Халықаралық заманауи этникалық The Spirit of Tengri музыка фестивалі басталды. 

VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі 2 және 3 маусымда Алматыдағы Респубика Сарайының алдында орналасқан Абай алаңында өтеді. Концерттердің басталуы - 17:00. Кіру тегін. Қонақтарды сапалы, дәстүрлі, жанды дауыстағы әуендер, ғарыштан көрінетіндей жарық түсірілетін әдемі, күшті, жанды шоу күтіп тұр. 

Егер сіз бүгін Алматыдан алыста және Республика Сарайының алдында өтетін open-air шарасына келе алмайтын болсаңыз, сізді көпарналы дыбыспен сапалы онлайн-трансляция күтеді, оны Tengrinews.kz сайтынан және The Spirit of Tengri жобасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалауға болады. 

The Spirit of Tengri фестивалі шеңберінде 2018 жылы 2 және 3 маусымда автобустардың жұмыс уақыты ұзартылады - 29, 48, 120, 121, 141 сағат 23:30-ға дейін жүреді.

А. Оралқызы