The Spirit of Tengri тікелей эфирде көрсетіледі

The Spirit of Tengri тікелей эфирде көрсетіледі

Жаздың ең елеулі оқиғасы, яғни, VI The Spirit of Tengri фестивалінің басталуына 1 күн қалды. Ашық аспан астында өтетін концерт 2, 3 маусымда Алматы қаласы Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда (қаланың басты open-air алаңы) өтеді. Сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін.

"Биылғы фестиваль қатысушылары сан қилы мәдениет өкілдері. Бірін бірі қайталамайды. Бас-аяғы 12 мемлекеттен келетін музыканттар қала тұрғындары мен қонақтарын баурап алары анық. Фестивальді нағыз этникалық мақамды Abbos тобы бастап береді. Еуразия жұлдыздарының басын бір жерге тоғыстырған Steppe Scape тобы биыл Алматы сахнасына алғаш рет шықпақ.Сондай-ақ, тыңдарманды әлдеқашан тәнті етіп үлгерген Speed Caravan пен "Арғымақ" топтары жаңа бағдарлама даярлаған. Көрермендерді керемет шоу, жанды дауыспен орындалатын әндер мен мерекелік атмосфера күтеді," - дейді The Spirit of Tengri 2018 фестивалінің қоюшы режиссері Тимур Гриднев.

Фестивальге дайындық өткен аптаның соңында басталды. Қазір Республика сарайы арнайы фестиваль үшін безендіріліп жатыр.

"Алғашқы фестивальден бері осы мерекенің символына айналған балбал тастар қайта қалпына келтірілді. Олар сахнаға жақын жерде орнатылады, фестиваль қонақтары олармен бірге суретке түсуді ұнатады ," - дейді The Spirit of Tengri 2018 фестивалінің декораторы Элина Алтынбекова.

Фестивальдің символы болған бөрінің суретін әр жерден байқауға болады. Ол футболкаларда, магниттерді, бейдждер, плакаттар, баннерлерде бейнеленген. Сувенирлер де сатып алу мүмкіндігі бар.

Дәстүр бойынша, фестивальде этникалық қалашық жұмыс істейді. Онда қолмен тігілген этникалық киім, музыкалық аспаптар және қолөнершілер жасаған бұйымдар сатылады. Әр дүние жайлы қосымша ақпарат беруші адамдар да болады.

Фестивальдің бас администраторы Константин Головин алаңға Абай-Достық көшелерінің қиылысынан кіру оңай болатынын атап өтті: "Алаңның қай нүктесінен де сахнаны еркін көруге болады. Республика Сарайының алдындағы үлкен LED-экран да мерекені әрлендіре түседі. Фуд-кортта түрлі халықтардың ұлттық тағамдарының дәмін татып көру мүмкіндігі туады. Екінші жағында сувенирлер орналасады. Көрерменге барынша жағдай жасалған".

Егер сіз дәл осы күндері Алматы қаласынан тыс жерде болып, open-air алаңға келе алмасаңыз оны тікелей эфирден көре аласыз. Трансляция режиссері Юрий Съедин осыған қатысты: "Сапалы музыка мерекесін енді әлемнің қай түкпірінен көрсеңіз де, өзіңіз білесіз. Биыл The Spirit of Tengri фестивалі Tengrinews.kz сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Оған қоса, осының алдындағы концерттердің DVD нұсқаларын сатып алу мүмкіндігі бар. Жаздың ең елеулі оқиғасынан құр қалмаңыз,"-дейді.

The Spirit of Tengri фестивалінің Бас режиссері және Бас менеджері Сергей Майборода: "The Spirit of Tengri – шындығында өте үлкен, кең масштабты ұлттық жоба. Осы жоба аясында Алматы мен Астана қалаларында көптеген шаралар өткізіледі. Астанада үш концерт болады. Nomad Way аталатын үшкүндік фестиваль Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе өткізіледі. Қала әкімдігі қолдауымен The Spirit of Astana болады. Соңында  The Spirit of Dance кеші көрермен назарына ұсынылады. Осындай керемет концерттер легі ертеңгі The Spirit of Tengri фестивалінен бастау алады. Олардың бәрін жүзеге асыруға Magnum Cash&Carry сауда желісі қолдау көрсетті," - дейді.

Фестиваль, жоғарыда айтып өткеніміздей,Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен өткізіледі. Іс-шараның бас серіктесі – "Magnum Cash & Carry" компаниясы. Фестиваль Tez Tour Kazakhstan туроператорының қолдауымен өтеді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақүйі күтеді. KZ Sound компаниясы фестивальге техникалық қолдау көрсетеді. 

Алматы тұрғындары мен қонақтары фестиваль кезінде Қазақстанға Франция, Израиль, Испания, Австралия, Нигер Республикасы, Буркино-Фасо, Өзбекстан және басқа да елдерден келген түрлі ethnoworld-ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бұрынғы топтармен қоса, биыл Speed Caravan африкалық арабиялық ұжымы, израильдік Q2A тобы, өзбекстандық Abbos жобасы фестивальге қатысатындарын растады.

Әр жаз сайын Алматы қаласы Республика сарайының алдында өтетін музыка мерекесін жыл бойы күтетін көпшілік бірнеше күн бойы жан тебірентер сазды әуенге еліте, құмары қанғанша билейді. Әлем елдерінің этникалық салт-дәстүрін Қазақстан жерінде таныстыратын мәдени жобаға аса контрастты қонақтардың жиылуы әдетке айналған. Олардың қатарында кәрі де, жас та, түрлі ұлт, ұлыс, діни сенім, нәсіл өкілдері де болады.

VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі 2 және 3 маусымда Алматыда Респубика Сарайының алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерттердің басталуы - 17:00. Кіру тегін. Қонақтарды сапалы, дәстүрлі жанды әуендер, ғарыштан көрінетін жарық түсірілетін әдемі, күшті, жанды шоу күтіп тұр. Оның үстіне әрине көптен келе жатқан "отбасылық" жылылық бар. 

Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry желісі. Tez Tour Kazakhstan тур операторы да қолдау білдіреді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақ үйі қарсы алады. Фестивалге техникалық қолдау білдіретін KZ Sound компаниясы.

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақтар мен көрермендер қамтылды. Оның сахнасына 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.  

Еске салайық, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды.

А. Оралқызы