Star of Asia Almaty.kz музыка фестивалінде автокөлік ойнатылады

Star of Asia Almaty.kz  музыка фестивалінде автокөлік ойнатылады
Фото: vk.com

16-17 маусымда «Медеу» мұз айдынында өтетін Star of Asia Almaty.kz халықаралық музыка фестивалінде көрермендердің жүлде ұтып алу мүмкіндігі бар. Билет сатып алған көрермен ұтыс ойынына қатыса алады.

Музыкалық шараны ұйымдастырушылар шетелдік және қазақстандық әншілердің қатысуымен ғажап та ірі шоу-бағдарлама дайындады. Биылғы жылдың лайн-апында Кәмшат Жолдыбаева, «Асыл» тобы, Нұрболат Абдуллин, «Кешью» тобы, Ерке Есмахан,  Мадина Сәдуақасова, ВИА «Ұлытау»,  Mad Men тобы, Динара Сұлтан,  M'DEE, «Алашұлы» тобы бар. Хедлайнерлер – АҚШ, Оңтүстік Корея, Үндістан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей әртістері. Әнші Севара Назархан, 2014 жылғы Евровидение байқауына қатысқан Диляра Кязимова фестивальге қатысатынын растады.

Фестиваль аясында үздік әуендер шырқалып қана қоймайды, фестивальге билет алған көрермендер арасында ұтыс ойыны өтеді. Көрермен ғажап концерттік номерлерді тамашалап, автокөлік ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Star of Asia Almaty.kz фестивалі - көрерменге ерекше эмоция мен ғажайып сәттер сыйлайтын ірі шара. Әлемдік деңгейдегі музыкалық шоуды тамашалап, автокөлік ұтыс ойынына қатысып, бағыңызды сынап көріңіз!  

Ұтыс ойыны туралы толық ақпаратты  Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттардан,  starofasia.kz. сайтынан біле аласыздар.

А. Оралқызы