Музыка королі Элвис Пресли туралы деректі фильм трейлері шықты

Музыка королі Элвис Пресли туралы деректі фильм трейлері шықты
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде рок-н-ролл жұлдызы Элвис Пресли туралы "Король"  атты деректі фильм трейлері шықты.

Картина режиссері — "Фрикономика", "Мен тұратын үй" фильмдері арқылы танымал Юджин Джареки. Продюсер – Стивен Содерберг. 

Деректі фильмде музыкант образы ол өмір сүрген Американың өзі секілді екенін дәлелдейтін символдар қолданылған. Яғни, мифтік мақсаттарға ұмтылып, соңында тек қорқынышты түстердің құрбанына айналатын миллиондаған америкалықтар тағдыры. 

Роуд фуви стилистикасына келетін картинада кейіпкер Преслидің атақты 1963 жылғы роллс-ройс көлігіне мініп Мемфистен Нью-Йоркке, кейін Лос-Анджелес қаласына саяхат жасайды.

Рөлдерді Алек Болдуин, Лана Дель Рей, Итан Хоук, Билли Холидей, Эштон Кутчер, Майк Майерс сынды танымал жұлдыздар сомдаған. АҚШ бойынша прокатқа 22 маусым күні шығады деп күтілуде.


А. Оралқызы