Джим Джармуш өзі тыңдайтын әндер тізімін жариялады

Джим Джармуш өзі тыңдайтын әндер тізімін жариялады
Фото: vk.com

Канн кинофестиваліне параллель өткізілетін "Режиссерлер екі апталығының" 50 жылдығына орай атақты режиссер Джим Джармуш өзі тыңдайтын әндер тізімін жариялады.

Канн марапатын бірнеше мәрте (1984, 1989, 1993, 2005) иеленген режиссер плейлисті Круазетт театрына келген көрермен жиналып болғанша қосылып тұрды. Оның ішінде Том Уэйтс, Грейс Джонс, Ник Кейв туындылары бар. Толық тізімі төмендегі суретте көрсетілген:

Жалпы, "Режиссерлер екі апталығына" қазір кинематограф майталманы есептелетін Джордж Лукас, Михаэль Ханеке сынды режиссерлердің алғашқы картиналары да қатысқан. Биыл Гран Приді "француздың экстремал авторы " аталып кеткен Гаспар Ноэ алды.

А. Оралқызы