Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / The Spirit of Tengri. Армениялық Gata Band ұжымы мен франко-алжирлік Speed Caravan

The Spirit of Tengri. Армениялық Gata Band ұжымы мен франко-алжирлік Speed Caravan

The Spirit of Tengri. Армениялық Gata Band ұжымы мен франко-алжирлік Speed Caravan

Алматы шаһары – түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір жерде тоғыстырған мульти-мәдениетті орта. Жергілікті тұрғындар мен қонақтар жүрегінен айрықша орын алған сұлу қаланың осы басты ерекшелігін көрсететін бірегей шара болса, ол – The Spirit of Tengri фестивалі.

Биылғы жаздың басты музыкалық оқиғасына армениялық Gata Band тобы алғаш рет өнер көрсететін болса, франко-алжирлік Speed Caravan тобымен алматылық тыңдарман әлдеқашан танысып үлгерген. Олар 2017 жылы фестиваль төрінде Алатауды әсерлі әуенімен тербебен болатын. 

Жалпы, Gata Band тобы –  армян ұлтының көне музыкасын паш ететін бірегей топ. Олар ұмыт болған ұлттық әуендерді заманауи музыкалық шығармашылықпен әдемі келістіріп, жаңа сарында ұсына алды. Ұжымның атауы армяндардың гата (тәтті бәліш) ұлттық тағамымен байланысты. Топ мүшелері дудук, зурна, пку, камани, блул, саз, дхол, дап, паркапзук сынды ұлттық аспаптар әуенімен тәнті етеді. Сонымен қатар, олар парсылық сантура, африкалық калимба, латынамерикалық соқпалы аспаптар мен бельгиялық кельстоунды да өзара үйлестіре білген. 

Ұжымның негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі Гарегин Аракелян есімді азамат. 2006 жылы Комитас атындағы Ереван консерваториясын тәмәмдағаннан кейін дьякон Андраник Манукянмен танысады. Кейін олар бірігіп, ескі армян фильмдеріне негізделген әндер жазып, өңдей бастады. Олардың шығармашылығында Батыс Арменияның фольклері басым болды. Өз еңбектерін үлкен сахнадан көрсету үшін топ құру туралы шешім қабылданып, оларға Артур Балаян және Ваган Закарян қосылды. Ұжым британиялық белгілі соул және R&B-әнші, Grammy лауреаты Джосс Стоунмен бірге бірнеше ән жазды. 

"Gata цоминиде (кішірек наубайханада) лаваштан кейін пісірілетін тәтті бәліш. Осыдан барып Gata тобының әуенін Арменияның ең тәтті музыкасы деп біле беріңіз. Біз Қазақстанға жолымыз алғаш рет түскелі тұр. Алматыға үлкен қызығушылықпен келеміз. Қобалжу да жоқ емес. Көреремендерге біздің шығармашылығымыз ұнайды деген үміттемін. Ал фестивальде талантты және бірегей музыканттармен таныстық күтеміз. Жаңа дүниелерді меңгеріп, өз музыкамызбен әлемнің барлық халықтарына жылылық, ал көрермендерге қуаныш сыйлауға тырысамыз", - дейді Gata Band жетекшісі Гарегин Аракелян.

The Spirit of Tengri - 2018 фестивалінің тағы бір қатысушысы - Speed Caravan тобы бір жыл бұрын тартымдылығы және тамаша араб музыкасы арқылы көпшілікті баурап алған болатын. Афро-рок ұжымында Алжир және Франция музыканттары бар. Олардың өнерінен арабтық бояуы қанық The Cure және The Chemical Brothers шығармашылығын байқауға болады. 

Speed Caravan фронтмены Мехди Хаддаб арабтың ішекті аспабында тамаша ойнайды, ал өзін "қос мәдениет адамы" деп атайды. Бұл оның новаторлық үшінші концерті. Ол электроника мен рок-музыканы өзара байланыстырып, заманауи үн беретін дәстүрлі аспаптарды үйлестіргенді ұнатады. 

"The Spirit of Tengri - 2018 фестивалінде сахнада ұзағырақ болып, музыка тұрғысынан өзімді танытуға тырысып бағамын. Биыл біз көбірек импровизация жасап, көрермендермен көзбе-көз тілдескіміз келеді. Маған қазақ мәдениеті ұнайды. Елдің өз музыканттарын, музыка тарихын, өз ерекшелігін, мәселен, домбыраны мақтан тұтатыны ғажап қой. Аудитория біздің музыканы бағалай алады деген ойдамын. Сонымен бірге,  The Spirit of Tengri фестивалінде Батыста біле бермейтін Қазақстанмен шектесетін елдердің мәдени ерекшеліктері көрсетіледі. Мен "бейбітшілік мерекесінде" қауышуымызды асыға күтемін. Барымызды 100 пайыз көрсетіп, қазақстандық көрермендерді таңдандыруға уәде етеміз! Сау болыңыздар, The Spirit of Tengri-2018 фестивалінде жүздескенше", - деді Мехди Хаддаб.

Ашық аспан астында өтетін концерт жаздың бірінші демалыс күндері, яғни 2, 3 маусымда Алматы қаласы Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда (қаланың басты open-air алаңы) өтеді. Сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін. 

Фестиваль Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен өткізіледі. Іс-шараның бас серіктесі – "Magnum Cash & Carry" компаниясы. Фестиваль Tez Tour Kazakhstan туроператорының қолдауымен өтеді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақүйі күтеді. KZ Sound компаниясы фестивальге техникалық қолдау көрсетеді.

Алматы тұрғындары мен қонақтары фестиваль кезінде Қазақстанға Франция, Израиль, Испания, Австралия, Нигер Республикасы, Буркино-Фасо, Өзбекстан және басқа да елдерден келген түрлі ethnoworld-ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бұрынғы топтармен қоса, биыл Speed Caravan африкалық арабиялық ұжымы, израильдік Q2A тобы, өзбекстандық Abbos жобасы фестивальге қатысатындарын растады.

Әр жаз сайын Алматы қаласы Республика сарайының алдында өтетін музыка мерекесін жыл бойы күтетін көпшілік бірнеше күн бойы жан тебірентер сазды әуенге еліте, құмары қанғанша билейді. Әлем елдерінің этникалық салт-дәстүрін Қазақстан жерінде таныстыратын мәдени жобаға аса контрастты қонақтардың жиылуы әдетке айналған. Олардың қатарында кәрі де, жас та, түрлі ұлт, ұлыс, діни сенім, нәсіл өкілдері де болады.

Қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі – The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен еді. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері – "Роксонаки" тобы ашқан еді.

Алдыңғы жылы фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан. Олардың ішінде Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары бар.

Былтыр Қазақстан атынан "Тиграхауд" және "Алдаспан" этникалық рок-тобы, Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, "Барабаны Алматы" жобасы фестивальдің алғашқы күні өнер көрсеткен болатын. Өз еліміз атынан жастарға қоса, фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов биыл да өнер көрсетеді. Сонымен қатар іс-шарада Тываның Huun Huur Tu тобының шығармашылығымен де танысу мүмкіндігі туды. Олар сахнаға америкалық диджей Кармен Риццомен шықса, орыстың халық әндерін Башқұрстаннан келген "Катя Ямщикова" атты фолк-жобаның қатысушылары таныстырды.

Еске сала кетейік, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: The Spirit of Tengri 2018
Қосылған күні: 11 мамыр 2018, 12:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.