Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / The Spirit of Tengri қонақтарын испан мақамы мен башқұрт этно-рок сарыны күтеді

The Spirit of Tengri қонақтарын испан мақамы мен башқұрт этно-рок сарыны күтеді

The Spirit of Tengri қонақтарын испан мақамы мен башқұрт этно-рок сарыны күтеді

Жылдың ең елеулі музыкалық шарасы VI The Spirit of Tengri халықаралық заманауи және этникалық музыка фестивалінде өнер көрсететін топтарды таныстыруды жалғастырамыз.

2-3 маусымға жоспарланған биылғы жаздың басты музыкалық оқиғасында өнер көрсететін ұжымдар қатарында испаниялық Childo Tomas тобы да бар. Сонымен қатар, көрермендер 2013-2016 жылдары Алматыда, ал 2017 жылы The Spirit of Astana фестивалінде өнер көрсеткен башқұртстандық "Аргымак" тобымен қайта жүздеседі. 

Мозамбиктік бас-гитарашы Чилдо Томас былтыр The Spirit of Tengri алаңында өнер көрсеткен болатын. Ол кезде сахнаға гвинеялық Sekou Koyate тобымен бірге шыққан. Музыкантқа қазақстандық фестивалдің ұнағаны сонша, ол биыл бізге өзінің Childo Tomas атты джаз жобасын алып келмек. Бұл топ мозамбиктік ырғақ (марамбета), джаз, испаниялық және латынамерикалық сарынға негізделген көңілді музыкасымен танымал. Чилдо Томастың өзі Мозамбик тумасы, бірақ, қазір Испанияда тұрады екен. Ол ұзақ уақыт бойы өзінің туған жері мен Африка құрлығының әр тарабының поп-музыкасын терең зерттеген. Оның бұл тәжірибесі мен жинақтаған білімін Pee Wee Ellis & Omar Sosa, Mark Gilmore, Julio Barreto, Dhafer Youssef, Jack Moralembau, Miguel "Anga" Diaz, Salif Keita, John Santos, David Gilmore, сондай-ақ, NDR Big Band (Германия) сияқты топтар да өздерінің өнер жолында қолданып келеді.

Бас-гитарадан бөлек Чилдо M'bira (ағаштан жасалған африкалық шертпелі аспап), Xivocovoco, Xigovia сияқты аспаптарда ойнайды және түрлі тілде ән салады. Жақында ол көптен күткен Moçambique Ni N'Tumbuluku атты альбомын жарыққа шығарды (“Мозамбик дәстүрлері” деп аударылады). Бұл альбомда дәстүрлі африкалық, еуропалық және латынамерикалық музыка өзара астасқан. Чилдо шығармашылығы түрлі уақытта Kenny Garrett, John Coltrane, Miles Davis, John Scofield сияқты белгілі музыканттарға әсер еткен. Ал ол өз кезегінде Мозамбиктегі Hortencio Langa, Arao Litsure және Xidiminguana есімді ұстаздарынан тәлім алған.

"Тобымызда төрт музыкант: мен - мозамбиктік бас-гитарашы Childo Tomas, пернелі аспаптарда ойнайтын мексикалық Mark Aanderud, соқпалы аспаптармен ойнайтын бразилиялық Ala de Sousa және венесуэлалық барабаншы Juan Berbin. Біз музыкалық дәстүрлерімізді сақтай отырып, оларды өзге де бағыттармен үйлестіруге тырысамыз. The Spirit of Tengri фестивалінде креативтілігіме еркіндік беріп, баршаны бізбен бірге ән мен биге қосылатындай тәнті еткім келеді. Жиналған жұрт бізді қолдайды деген үміттемін.

Қазақстанға Messengers аталатын екінші альбомымызды ала келеміз. Сонымен қатар, мен қызымның альбомына да продюссер болдым, оны да Алматыға әкелеміз. Мұндағы жұртшылыққа менің музыкам ұнайды деп ойлаймын", - дейді музыкант. Сонымен қоса, ол біздің "атақты палауымызды" татып көруге асық екенін де айта кетті.

The Spirit of Tengri фестивалінің сүйікті қонақтарының бірі Башқұртстандық "Аргымак" этно-рок тобы. Бұл ұжым халықаралық, бүкілресейлік және республикалық конкурстардың лауреаты. Олардың репертуарларында башқұрт халық әндері, "қобайыр" аталатын толғаулар, эпостар мен аңыздар бар. Сондай-ақ, солист Ринат Рамазановтың түрлі бағытта жазған авторлық әндері де бағдарламаға енген. Ұжым көмеймен ән айту өнерін башқұрттың курай, думбыра, кубыз, кыл-кубыз сияқты ұлттық аспаптары мен заманауи бас гитара және соқпалы аспаптармен үндестіреді. Сонымен қатар, ұжым әр тараптан жинаған түрлі халықтардың этникалық аспаптарында да ойнайды. 

"Биыл Алматыға жаңа әндер, жаңа стиль, жаңа әуендер әкелеміз. Бұл даб-степ, спид-гранж, дәстүрлі регги және өзге де көптеген қызықты дүниелер. Жаңа альбомнан алынған тамаша үзінділерді келтіреміз. Оның үстіне мұны енді iTunes арқылы тыңдауға болады. Жазғанымызды екі аптада бір немесе айына бір рет сингл ретінде ұсынамыз. Сессияның соңында бәрін бір альбомға жинаймыз", - дейді пернелі аспаптарда ойнайтын топ мүшесі Алик Гараев. "Жаңа дүниеге бізді Өнер академиясының фонотекасында тыңдайтын көне жазбалар шабыттандырады. Сонымен қатар, фестивалдер, әсіресе The Spirit of Tengri рухтандырады, өзге ұжымдардың өнері - жаңа бір дүниенің тууына түрткі. Олардан қызықты тәсілдер, аспаптар көріп, түрлі әуендер естуге болады. Әрине біз саяхаттай жүріп, әсіресе, республикамызды аралаған кезде, туған өлкеміздің сұлулығын тамашалаймыз. Бұл біздің барлық идеяларымызды іске асыруға күш береді.

The Spirit of Tengri фестивалінде сүйікті көрермендерімізбен қауышып, олардың ыстық ықыласын күтеміз - бұл әртістер үшін ең үлкен қуаныш. Өнер көрсетіп болғаннан кейін біз үнемі Instagram, "ВКонтакте", Facebook желісіндегі пікірлерге көз саламыз. Ол да шығармашылыққа шабыттандырады. The Spirit of Tengri алаңында қауышқанша", - дейді соқпалы аспапта ойнайтын Радмир Исмагилов пен солист, курайда ойнайтын және көркемдік жетекші Ринат Рамазанов.

VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі 2 және 3 маусымда Алматыда Респубика Сарайының алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерттердің басталуы - 17:00. Кіру тегін. Қонақтарды сапалы, дәстүрлі жанды әуендер, ғарыштан көрінетін жарық түсірілетін әдемі, күшті, жанды шоу күтіп тұр. Оның үстіне әрине көптен келе жатқан "отбасылық" жылылық бар. 

Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry желісі. Tez Tour Kazakhstan тур операторы да қолдау білдіреді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақ үйі қарсы алады. Фестивалге техникалық қолдау білдіретін KZ Sound компаниясы.

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақтар мен көрермендер қамтылды. Оның сахнасына 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.  

Еске салайық, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: The Spirit of Tengri 2018
Қосылған күні: 04 мамыр 2018, 12:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->