BBC мұрағаты кей жазбаларын пайдалануға рұқсат берді

BBC мұрағаты кей жазбаларын пайдалануға рұқсат берді
Фото: vk.com

BBC компаниясы өз мұрағатында жиналған кей аудиожазбаларды пайдалануға рұқсат берді. Осы сілтеме бойынша өтіп, кез келген адам оларды жүктеп алып, жеке мүддесіне қолдана алады. Топтама 16 000 сэмпл, яғни аудио-үлгіден тұрады.

RemArc лицензиясының шарттарына сай, тұтынушы дыбыс жолдарын “жеке, танымдық және зерттеу мақсаттарында” еркін пайдалана берсе болады. Бірінен соң бірі қатар орналасқан тректер қатарында сарқырама, джунгли, шіркеу қоңырауы және т.б. көптеген құбылыстардың дыбысы бар.

А. Оралқызы