Дауысы ғарышта сақталған әншінің бейнесі метро билеттеріне салынды

Дауысы ғарышта сақталған әншінің бейнесі метро билеттеріне салынды
Фото: vk.com

Осыдан екі жыл бұрын өмірден өткен белгілі музыкант Дэвид Боуи әндерінің бірінде "Шексіздік – шекара емес" – деген болатын. Мұның шындық екеніне қазір көз жеткізуге болады. Себебі, ол өмірден өткеннен кейін талантына табынушылар саны артпаса, бәсеңдеген емес.

Оның құрметіне жасалып жатқан көптеген шаралардың қатарын Нью Йорк метрополитені толықтырды. Олар Дэвид Боуидің суреті бейнеленген метро билетінің бірнеше нұсқасын жасады. Мұндай эксклюзивті билетті "Бродвей-Лафайет" бекетінен сатып алуға болады. Бекет әнші мекен еткен Сохо ауданына жақын орналасқан. Метро қабырғалары да музыкант шығармашылығына байланысты көркемделген.

Естеріңізге сала кетейік, Илон Маск шығарған зымыранда Tesla Roadster көлігін Стармен аталатын (Боуидің атақты әнінің кейіпкерімен аттас) манекен игеріп отырды, динамиктерден Space Oddity әні естіліп тұрды. Ал, машина ғарышта миллиардтаған жылдар бойы тұратыны жақсы мәлім.

Жуырда Британияда әнші-орындаушыға ескерткіш орнатылды. Сол ескерткіш қойылған Бакингемшир графтығындағы Эйлсбериде музыкант 1971 жылы «Hunky Dory», 1972 жылы «The Rise and Fall of Ziggy Stardust and the Spiders from Mars» атты альбомдарын таныстырған екен. «Жер елшісі» ескерткішін жасауға £100 мың жұмсаған. Онда Боуи бірнеше сахналық образда бейнеленген. Солардың бірі – оның альтер эгосы саналатын Зигги Стардаст.

А. Оралқызы