Адам болмысын музыкалық плейлист арқылы анықтау

Адам болмысын музыкалық плейлист арқылы анықтау
Фото: vk.com

Техника дамыған заманда адамды әлеуметтік желілер арқылы зерттеу кең етек алып келеді. Ең жұмбақ жаратылысымыздың бар құпиясы ашылып тынатынға ұқсайды.

2015 жылы Стэнфорд университеті мен Кембридж университетінің психометрия ортылығы осындай зерттеулердің бірін қолға алған болатын. Онда адамның фейсбук парақшасында басқан лүпілдері арқылы оның болмысын анықтау көзделген. 

Жүргізілген жұмыс нәтижелері тіпті The New York Times газетіне де жарияланған болатын. Енді жақында ғана фейсбук әлеуметтік желісімен болған мәселе негізінде олармен бірлесе жұмыс істейтін Cambridge Analytica консалтингтік компаниясын 50 миллион адамның парақшасын (рұқсатсыз) зерделеу арқылы олардың мінез-құлқын анықтап, бар болмысы жөніндегі ақпаратты  сайлау кезінде саяси мақсатта пайдаланғанына қарсы іс қозғалды.

Жақында осыған ұқсас ғылыми зерттеу тағы жүргізілді. Арнайы myPersonality қосымшасын өздеріне жүктеп алған тұтынушылар Кембридж университетінің психометрия ортылығы  мамандары дайындаған 100 сұраққа жауап берген. Оған қоса, өз фэйсбук парақшаларының сілтемесін енгізу арқылы анализ жасауға рұқсат еткен. Сауалнамаға жалпы саны 70 мың адам қатысқан.

Нәтижесін ғалымдар плейлиске байланысты шығарған. Мысалы, The Smiths тобын тыңдайтын адамдарға невротиктік мінез-құлық тән. Бьорк немесе Том Уэйтс өнеріне табынушылар болмысының ашықтығымен ерекшеленеді. Ал, Мэрилин Мэнсонды ұнататындар аса тартымды еместер тізімінде (мінезі жағынан, әрине). Rammstein, Placebo мен Judas Priest музыкасын тыңдайтындардың сипаттамасы да осындай. Экстраверттердің басым бөлігі Gucci Mane мен Waka Flocka Flame әндерін тыңдайды. НевротиктерThe Smiths тобынан бөлек, Bring Me the Horizon мен Escape the Fate әндеріне ғашық екен.

Осының бәрі аралас болса, кімсің?

А. Оралқызы