Тарихи орын тізіміне түнгі клуб енген

Тарихи орын тізіміне түнгі клуб енген
Фото: vk.com

Манчестер қаласындағы The Hacienda түнгі клубы Англияның 100 тарихи орынының тізіміне енді. Оны тарихи мұраларды зерттеп, сақтаумен айналысатын Англия тарихи қоғамдық ұйымы жариялады.

The Hacienda жоғарыда атап өткен «Англиядағы 100 тарихи орын» тізіміне «музыка мен әдебиет» категориясы бойынша енген. Клубпен қатар, Шекспир дүниеге келген үй, Джордж Оруэлл мен Джейн Остиннің баспаналары, Четам кітапханасы, The Beatles тобы ән жаздырған Abbey Road студиясы және өзге де орындар тіркелген.

Аңызға айналған клуб 80-ші және 90-шы жылдары Манчестердің музыкалық өмірінің орталығына айналды. Ол кезде клуб Мэдчестер (Madchester, mad – ессіз) деп аталатын. The Hacienda клубын 1982 жылы Factory Records компаниясы мен New Order тобы бірлесе құрған. Жастардың сүйікті орны 1997 жылы жабылған екен.

А. Оралқызы