Анита Цой Алматыда 3D шоу көрсетпек

Анита Цой Алматыда 3D шоу көрсетпек

16 қарашада әнші, қоюшы режиссер Анита Цой өзінің әлем турнесінің жоспары бойынша Алматы қаласына келіп, «Твоя_А» атты 3D шой ұйымдастырмақшы.

Шоу негізінен әлеуметтік желілердегі танысу, байланыс жасау, кездесулер мен қоштасулар жайлы болмақ.

Бағдарлама музыкалық деректер мен техникалық жағынан дамығандығымен ерекше. Әртүрлі көріністер, мәні зор сюжеттер, сонымен қатар би өнерінен де кенде емес актерлер шоудың қызықты болатынын андағайлап тұр.

Әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас бірінші рет офлайнда баяндалса, оның үстіне 3D форматында көрсетілсе, мұның үлкен сонылық екенін айтуымыз орынды шығар.

Көздің жауын алатын әдемі көріністерді Ресей, Венгрия, Голландия, Германия және Украина техника дизайнерлері жасаған.

Айта кетер болсақ, «Твоя_А» атты шоудың тұсаукесері 2011 жылы 30 қыркүйекте Мемлекеттік Кремль сарайында өткен еді. Оған 6000 адам қатысқан болатын.

«Твоя_А» атты шоу Ресейде дәстүрлі «ZD AWARDS 2011» сыйлығын алып, үздік шоу атағын жеңіп алған болатын. Ал ең үздік концерттік шоу атағын жыл сайын өткізілетін «Fashion People Awards 2012» марапаттау рәсімінде алды.

Билеттерді мына телефонға хабарласу арқылы сатып алуға болады: 291 40 89, 8 705 556 88 34 немесе vlg.kassir.ru сайтынан алуға болады.     

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vlg.kassir.ru

А. Құлтай