Поп мәдениеттің жарқын өкілі Spice Girls тобы қайта бас қосты

Поп мәдениеттің жарқын өкілі Spice Girls тобы қайта бас қосты

Beatles тобынан кейін әлемді мойындатқан британиялық Spice Girls тобы 1994 жылы құрылған болатын. Эмма Бантон, Джери Холлиуэлл, Виктория Адамс (тұрмысқа шыққаннан кейін Бекхэм), Мелани Браун, Мелани Чисхолм есімді 5 арудан тұратын команда 2008 жылға дейін өнер Олимпынан көрінді. Олардың атағы барша жер-жаһанға мәлім еді.

Олардың қайта бас қосып, сахнаға шыққанын күтіп жүрген жанкүйерлер легі жақында бір қуанышты хабардың боларын сезеді. Өйткені, Виктория Бекхэм өз инстаграм парақшасында топтың мүшелерімен түскен суретті жариялап: "Love my girls!!! So many kisses!!!"- деген жазба қалдырды. Бұл жиынның себебі не екені әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейін, осыдан жарты жыл бұрын The Sun басылымы топ мүшелері қайта бірігіп, альбом жазады деген ақпарат таратқан болатын. Ол кезде Пош Спайс атымен танылған Виктория Бекхэм мұның жалған ақпарат екенін айтқан болатын.

А. Оралқызы