"Грэмми": Басты музыкалық марапатқа кімдер ие болды?

"Грэмми": Басты музыкалық марапатқа кімдер ие болды?
Фото: vk.com

Нью-Йорк қаласында "Грэмми" сыйлығын табыстау салтанатты шарасы өтті.

Биылғы марапатында ең маңызды номинацияларға  музыкант Бруно Марс қол жеткізді. Оның ішінде үздік альбом мен үздік ән деген басты атақтарды қанжығасына байлады.  Ал, рэп-категориясындағы басты марапаттың бәрі (іздік рэп-альбом, үздік рэп-ән) сәнқой Кендрик Ламарға тиді. Өзге номинациялар бойынша жеңімпаздар қатарында  The Weeknd, Эд Ширан, рэпер Childish Gambino, The National мен Portugal топтары болды.

Сонымен, басты категория жеңімпаздарына тоқтала өтейік:

Жыл әні
That’s What I Like – Бруно Марс

Жыл альбомы 
24K Magic – Бруно Марс

Үздік рэп-ән
Humble – Кендрик Ламар

Үздік рэп-альбом
Damn – Кендрик Ламар

Үздік рок-альбом
A Deeper Understanding – The War On Drugs 

Үздік альтернативті альбом
Sleep Well Beast – The National

Үздік би таспасы
LCD Soundsystem – Tonite

Үздік заманауи альбом
Starboy – The Weeknd

Үздік жаңа әртіс
Алессия Кара (Alessia Cara)

Поп-вокалды үздік альбом
÷ (Divide) – Эд Ширан

Үздік поп-соло
Shape Of You – Эд Ширан

Үздік поп-дуэт не поп топ
Feel It Still – Portugal. The Man

Үздік дәстүрлі  r'n'b орындаушы
Redbone – Childish Gambino 

Өзге де номинация жеңімпаздарын білгіңіз келсе, төмендегі топтамаға назар салыңыз, оқырман.

А. Оралқызы