Ақтөбе облысының Қытайдағы өкілдігі ашылды

Ақтөбе облысының Қытайдағы өкілдігі ашылды
Фото: vk.com

Миллиондардың сүйіктісіне айналған талантты әнші Димаш Құдайберген Қытай елінде өткен «Singer» жобасынан кейін атағы үлкен танымалдыққа ие болды. Бүгінде оның әлемнің бірнеше елінде миллиондаған жанкүйерлері бар. Тіпті, қазіргі таңда әншінің атына ашылған көптеген фан-топтар жұмыс істеп жатыр. 

Қытайлық dears Димаштың әр концертін жібермей тамашалайтын дәрежеге жетті. Көптеген жанкүйер оны әуежайдан күтіп алып, шығарып салып жүргенін күнде желі бетінен көріп жүрміз. Осындай жайттар ескерілген болса керек, жақында Қытай астанасы Пекин орталығында әншінің туған өлкесі Ақтөбе облысы өкілдігінің ашылу салтанаты өтті. 

Өкілдік «Liangmaqiao diplomatic office building» ғимаратында орналасқан. Димаштың бұрын жарияланбаған суреттерінен құралған фото-көрме қойылған. Осы арқылы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық нығая түседі деген сенімдеміз. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаштың "Бастау" концерті әлемдік турне аясында 16 желтоқсанда Чанша қаласында өтеді. Жақында ол  «IQIYI awards» марапатында «Жылдың ең үздік əншісі» атанды. Бұл оның Қытай еліндегі алған оныншы жүлдесі.

Ж. Жұмағұлов