Классикалық әуендердің бүгінгі патшасы – Yiruma

Классикалық әуендердің бүгінгі патшасы – Yiruma
Фото: petrotimes.vn

«River Flows in you», «Kiss the Rain», «May be» классикалық әуендері сізге таныс болар?! Бүкіл әлем білетін бұл әуендердің авторы да белгілі, ол – Yiruma. 

Yiruma – И Рума (Ли Ру Ма) Оңтүстік Кореяның дарынды композиторы және пианист. 1978 жылы 15 ақпан күні Сеулде дүниеге келген. Фортепианода ойнауды бала күніне бастаған. Алғаш өнерге қадамды 5 жасында басты. Музыка саласында білімі өте жоғары. Ұлыбританияда білім алған. Алдымен Purcell School of Music мектебінде оқып, Лондондағы патшалық колледжінде білімін жалғастырған. Ал бұл колледжде әлемгі әйгілі музыкант Харрисон Бертвистл білім алған. 

2001 жылы өзінің ең алғашқы «Love Scene» альбомын, артынан «First Love» альбомын жариялайды. Соңғы альбомға әлемге әйгілі «River Flows in you» симфониясы кірген. 

2002 жылы Yiruma үшін табысты жыл болды: ол Каннахта өткен «MIDEM» халықаралық муызка фестиваліне Кореяның атынан қатысқан тұңғыш музыкант ретінде көрінді. Енді оның альбомдарын тек Шығыс елі емес, Еуропа, Жапония, Сингапур және бүкіл Азия сатып ала бастады. 

2006 жылы Ұлыбритания әлемге таныла бастаған композитерге ағылшын елінің азаматтығын алуға ұсыныс білдірді. Бірақ елінің патриоты ретінде Ли Ру Ма ол ұсыныстан бас тартып, өз еліне әскерге парызын өтеуге кетті. 2008 жылы әскердегі міндетін атқарып болған соң, өнерге қайта оралды. 

М. Ақан