Димаштың арманы қандай?

Димаштың арманы қандай?

Миллиондардың сүйіктісі, талантты әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында белгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьеффпен кездесті. 

Әнші өзінің инстаграм парақшасына: «Аты аңызға айналған продюсер әрі композитор @wafanasieff-тің үйінен эксклюзивті кадрлар. Бұл кісінің қарапайымдылығы мен даналығына тамсанамын. Үйге шақырғаныңызға рахмет! Видеодағы - мен өмір бойы армандап келетін «Грэмми» статуэткалары», - деп жазды.

Бұрын әнші рульде отырған Уолтер Афанасьефф көлігімен Димашты жеткізудің үлкен абырой екенін мойындаған видеосын бөліскен болатын. «Бұл мен үшін мәртебе, Қазақстан! Менің ең сүйікті әншім, вокалист Димаш менің машинамда отыр! Сене алар емеспін! Рахмет!», - деген продюсер өз эмоциясын жасыра алмады.

«Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол «GRAMMY» жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жұмыс жасаған ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған «Титаник» телефильмінің саундтрегі «My heart will go on» əнін де дүниеге алып келген - осы Уолтер мырза. «Құбыжық пен сұлу», «Аладдин» (1992), «Жеке қорғаушы» (1992), «Сен ғана» (1994), «Геркулес», «Ойын» (1997), «Бөтен қарындас» (1999), «Үй күтуші ханым» (2002).  Джеймс Бондтың «Өлімге берілген рұқсатнама» фильмдерінің əндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз», – деп жазды Димаш Инстаграмдағы парақшасында.

Уолтер Афанасьефф «Грэмми» сыйлығын алғаш рет 1999 жылы «Жылдың үздік жазбасы» аталымында продюсер ретінде, екіншісін 2000 жылы «Жыл продюсері» аталымында алған.

Естеріңізге сала кетейік, "American Music Awards" шарасында қызыл кілемнен жүріп өтті. Сонымен қатар елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Spirit of the Great Steppe" — "Ұлы Дала Рухы" атты Қазақстанның мәдениет және кино күндері өтті. Димаш бұл шарада төлқұжатына айналған "Дайдидауды" жəне "I am singer" байқауының алғашқы кезеңінде айтқан "SOS d'un terrien en detresse" әндерін орындады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тұмаудан қалай сақтану керек?
Тұмаудан қалай сақтану керек?
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады